Өлең, жыр, ақындар

Доппен өткізілетін ойындар

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебінің

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Бурамбаева  Лаззат

 

Сабақтың тақырыбы:  «Доппен өткізілетін ойындар»
Сабақтың түрі: Ашық  сабақ
Сабақ өтілетін орын: Спорт залы
Сабақтың мақсаты: Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Спортқа баулу, ынтасын арттыру. Доппен спорттық ойындарға бейімдеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Оқушыларды ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті спорт құрал-жабдықтар: Ысқырық, жеңіл доптар, сағат, белгілейтін қағаздар.
Ұйымдастыру әдісі: Топтық
Кіріспе: Сапқа тұру, рет–ретімен саналу.  Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Бір орындағы саптық жаттығулар - Оңға, солға бұрылу, айналу жаттығуларын орындау.
3 мин
Сапқа тұрғызу.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
Санауды нақты орындау.
Саптық жаттығулар.
Қадағалау.
Жүру  (жүру түрлері) жаттығулары:
1. Аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде - өкшемен жүру
3. Қол  белде  - Табанның қырымен жүру
4. Қол  белде - табанның ішімен жүру
5. Жартылай отырып жүру
6. Қол желкеде толық отырып жүру
Қалыпты жүру.
3 мин
Қолды жоғары көтеріп,
Дұрыс орындау.
Қолды алдыға созып,
Қолды тізеге ұстап жүру.
Дайындық бөлімі Жүгіру (жүгіру түрлері) жаттығулары:
1. Аяқты сермей жүгіру.
2. Тізені көтеріп жүгіру
3. Аяқты жанбасқа тигізіп жүгіру.
4. Оң жақ бетпен секіріп жүгіру.
5. Сол жақ бетпен секіріп жүгіру.
6. Оң аяқпен секіріп жүгіру.
7. Сол аяқпен секіріп жүгіру.
8. Арқамен жүгіру.
9. Жоғары секіріп,
10. Жылдам жүгіру.
11. Екіо қушыдан жылдам жүгіру.
Қалыпты жүру, тынысты қалыпқа келтіру. Сапқа қою.
3 мин
1 мин
Қолды белге ұстап,
Қолды алдыға түзу ұстап жүгіру. Қолды артқы жанбасқа ұстау.
Қолдыалдығаайналдыру. Артқаайналдыру.
Қалыпты орындау
Екпінмен жылдам жүгіру.
Тереңт ыныстау
Саптық жалпы дамыту жаттығулары.
1. Мойын жаттығулары -
Басты оңға, солға айналдыру.
2. Иық жаттығулары -
Қолды иыққа қойып айналдыру
3. Қолға арналған жаттығулар -
Білек айналдыру, шынтақта айналдыра, оң - сол қолды кезек-кезек айналдыра, оң - сол қолды жоғары керіле орындау.
4. Бел жаттығулары -
Айналдыра, майыстыру, алдыға еңкейе отырып, тұру.
5. Аяққа арналған жаттығулар -
Тізе айналдыру, тобықтан төмен айналдыру, оң-сол аяққа тігінен, көлденеңнен отыру, оң-сол аяқта секіру. Бір орында секіру.
Тақырыпқа сай арнайы жаттығулар.
8 мин
Басты жоғары ұстау.
Қолды толық иыққа толық жеткізіп ұстау.
Көзді ашық күйде орындау.
Дене тік ұстап орындау.
Қолмен қоса жаттығу орындау.
Тізені бүкпеу.
Әр жаттығуға назар салу, қадағалау.
Қалыпты орындалуын қадағалау.
Негізгі бөлім

Сапқа қойып, оқушыларды төрт топқа бөліп, шеңбер тәріздес тұрып допты бір - біріне лақтыру.
Оқушыларды сапқа қойып, саптық санақ бойынша екі топқа бөліп алу.
Бөлінген екі топ арасында допты пайдалана отырып, эстафета жарысын өткізу. Төрешінің белгісінен кейін:
1 - Допты төмен ұрып, қағып алып белгілі сызыққа дейін барып келіп келесі оқушыға беру. Белгіленген сызықтан шығып жүгіру.
2 - Допты төмен домалатып, бары пкелу.
3 - Бастапқы оқушы жүгіріп, кері бұрылып келесі оқушыға лақтыру. Ойынды аяқтау.
25 мин
Жай ғана лақтырып беру.
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Допты дұрыс алып жүру.
Жеңімпаздарды атап өту
Қорытынды
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру. Саппен сыныпқа жіберу.

2 мин
Қорытындылау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз