Өлең, жыр, ақындар

Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

Ақтөбе қаласы

№51 гимназия

Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна

Тарих пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: «Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есім ханның хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы, тұлға ретінде атқарған рөлін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың жүйелік ойлауы, топ болып жұмыс істеуі дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.Есім ханның өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін көрсету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, диалогтық оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс картамен жұмыс,

Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек –сызбалар,  Тәуекел, Есім хандардың суреті, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Сабаққа назар аударту

 

ІІ. Үй жұмысы.  Мұғалім мен оқушының диалогы

1 – топ.

1. Хақназар хан қайтыс болған соң хан тағына кім отырды? (Шығай хан 1580-1582)

2. Шығай хан Баба сұлтанға неге өшікті? (Қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргені үшін)

3. Баба сұлтан кім? (Ташкент билеушісі)

4. Шығай  хан өз мақсатына жету үшін кіммен бірікті? ( Бұхар ханы Абдаллахпен)

5. Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен Бұхар ханы Абдаллах арасында қандай келіспеушілік бар еді? (Баба сұлтан Бұхар хандығынан бөлініп шығып, тәуелсіз билік құрғысы келді)

6. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Ходжентті Абдаллах хан не үшін сыйлады? ( Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған жорығына қатысқаны үшін)

7. Өзбек пен қазақ әскерлерінің Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорығы қай жылы болды? Нәтижесі не? (1582 жылы Шығай хан қайтыс болды. Баба сұлтан әскері жеңілді)

8. Баба сұлтанды өлтіріп, Хақназар  мен Жалым сұлтанның кегін қайтарған кім? Бұл оқиға қашан, қай жерде болды? (1582 жылы Түркістан қаласының түбінде Баба сұлтан өлді, ал әскербасы, әмірлері, баласы тұтқынға алынды. Бұл шайқаста қазақ әскерлерін басқарған Тәуекел еді)

9. Абдаллах Самарқан өлкесіндегі Африкент аймағын Тәуекел сұлтанға не үшін сыйға тартты? (Баба сұлтанды өлтіргені үшін)

10. Тәуекел Шығай ханға кім болады? ( баласы)

 

2 топ.

1. Тәуекел  қай жылдары хандық құрды? (1582-1589)

2. Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды? ( Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтару)

3. Бұхара ханы Абдаллах пен Тәуекелдің арасы қандай еді? ( Бұхара ханы Абдаллах Тәуекелмен санаспады)

4. Абдаллах қас дұшпаны Баба сұлтанға көмектескен қазақ сұлтандарына қалай қарады? (Жазалай бастады)

5. Тәуекел хан өзбек ханы 2 Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алды? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам)

6. 1589 жылы Абдаллах хан өлді, себебі не? ( Абдаллах хан мен оның баласы арасында қайшылық болды. Осы қайшылықты Тәуекел хан өз пайдасына пайдаланды. Ташкент қаласы түбінде Абдаллах хан әскері талқандалды. Абдаллах хан өлді.)

7. Абдаллах ханның орнынан таққа кім келеді? Оның тағдыры не болды? (Таққа баласы отырды, бірақ бүлікші әмірлер оны өлтірді)

8. 1589 жылы өзбек хандығында билік үшін тартысты Тәуекел қалай пайдаланып кетті? (Мәуереннахрға басып кірді. Сыр бойындағы қамал қалаларды және Ташкентті қазақ хандығының құрамына қосып алды. Шайбани әулеті орнына Аштрхани әулеті билікке келді)

9. Тәуекелдің өмірі қалай аяқталды? (інісі Есім сұлтанды 20 мың әскерімен Самарханда қалдырды. Өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны 20 күн қоршады, бірақ ала алмады. Осы шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, қайтыс болды)

10. Аштрханилер мен қазақ әміршілері арасында қандай шарт жасалды? (қазақ хандығына қосылған жерлер заңдастырылды)

 

2 кезең Слайдтан «Тәуекел ханның қандай еңбегі бар? сурағын көретемін оқушылар жазады

 

XVI ғ. Аяқ кезінде қазақ хандығының күш-қуаты артты

 

Сырдария бойындағы қалалар қазақ хандығына қосылды

 

 қолбасшы

 

Шаруашылықтың жандануы

 

Тәуекел ханның қандай еңбегі бар? (1582-1598)

Шекараның кеңеюі

Халық санының өсуі

Сібір хандығының қол астына қараған қазақ  тайпалары қазақ хандығының құрамына кірді

Дипломат

Шебер саясаткер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. картамен жұмыс.

1. Баба сұлтан қай елдің билеушісі? (Ташкент)

2. Абдаллах хан Тәуекелге Баба сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тартты? (африкент уәлаятын)

3. Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алды?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

Есім ханның ішкі саясаты.

Бұхар-қазақ қарым-қатынастары

Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты

Тұрсын ханның бүлігі

   Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша 5-7 минут уақыт тақырыпты оқуға беріледі. Оқушылар бөлінген уақыт ішінде тақырыпты оқып, сызбаны құрады. Оқушылар сол сызбалары бойынша келесі топқа түсіндіреді. Оқушылар түсіндіріп болған соң тақтада тірек-сызбалар көрсетіледі. Толықтырылады.

Есіми ханның басты мақсаты – Қзақа хандығын нығайту

 

 

1 топ

 

 

ЕСІМ ХАНҒА МІНЕЗДЕМЕ

Ел қорғанысын нығайтты

Әдеп –ғұрып заңы

Есім хан мен оның кеңесшілері «Қасым салған қасқа жолды» негізге алып өңдеп, толықтырған

Ірі мемлекет қайраткері

 

Ерлігімен көзге түскен

 

Білікті саясатшы

Есім ханның ескі жолы» д.а.. заңның авторы

 

1598-1628 жылдары қазақ Елін басқарған

Тәжірибелі қолбасшы

 

ХVIII ғ. Есімге арналған «Еңсегей бойлы ер есім» атты тарих жыр шыққан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 топ

Есім ханның

шығыс Түркістан туралы саясатының толық іске аспауының себебі неден болды?

 

 

Қуатты Моғолстан мемлекеті әлсіреді

 

Тұрсын ханның Шығыс Түркістандағы саясаты Есім ханның саясатына қарсы келді

 

Есім хан Шалыш пен Тұрфанның әміршісі Әбд-ар Рахым ханды жақтады, ал Моғолстанның үлкен ханы Әбд-әл Латиф Абахты Тұрсын хан қолдайды

 

Тұрсын ханның сенімді тірегі қатаған руы болды

 

Тұрсын хан өз атынан ақша шығарды

 

1613 жылы Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды

 

Тұрсын хан мен Есім ханның арасындағы ұрыстың шығу себебі

 

Тұрсын хан дара билікке ұмтылды

 

Екі хан ортақ жауға бірге аттанып жүрді

 

Халық біреу, хан екеу болғаны хандықтың бірлігін бұзды

 

Мал-мүлік туралы бап

Кейін Тәукенің «Жекті жарғысына» негіз болды

Қоныс тұрақ туралы бап

Адамдар арасындағы қатынас туралы бап

«Есім ханның ескі жолы» деп аталатын құжатқа сипаттама

 

1603 жылы Айғыржар деген жерде бұхар әскері жеңілді

 

Бұхар-қазақ қатынасы неліктен жиі бұзылды?

 

1611 жылы Ташкент түбінде бұхар әскері жеңілді

1620-21жылдары болған4-5-6 қазақ-бұхар соғысында қазақтар толық жеңіске жетті

1627 жылы 7 шайқаста қазақ әскері жеңіске жетті

Шабуылды әрдайым бұхаралықтар бастады

Бұхар ханы Имамкули Қаратау, аспара өңірін үлкен шығынға ұшы

ратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан Самарқанда Бұхар әскерін талқан

дады

Бұхар ханы Тәуекелмен соғыста айырылған әскерлерін қайтарып алуды армандады

1603-1624 жылдары қазақ-бұхар соғысы қан төгісті соғыс болды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатаған руы түгел өлім жазасына кесілді

Тұрсын ханды нөкерлері тұтқындап, Есімге тапсырады

1627 жылы Есім хан жоңғарларға қарсы жорыққа аттанады

Қатаған руы ұйғырларды паналайды

Екі хан әскері Сайрам түбінде кездесіп, Тұрсын хан жеңілді

Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан Түркістанды басып алады

«Қатаған қырғыны» деп неге аталады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

1 - топ: жылдармен жұмыс

1. 1443+160=(1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы)
2. 1921 - 308=(1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1620ж - 1404+217=(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды)
4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтан, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)

2 - топ: Жылдармен жұмыс

1. 1332+281= (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)
2. 1822 - 224= (1598 жылы Есім хан таққа отырады)
3. 1219+408= (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)
4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)
5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)

Оқушылардың алған тарихи білімін одан әрі жетілдіру үшін бекіту сұрақтарын қоямыз.

Есім хандығының алғашқы кездегі саяси жағдайы қандай болды?

Бұхара хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

«Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек

Оқушыларды бағалау: Бағалау парағын жинап алып қорытынды баға шығарамын

Үйге тапсырма:           § 41 Есім хан тұсындағы қазақ хандығы

                                        Тест құрастыру.
                                        Егер мен хан болсам.... Эссе

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз