Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім – Ұлы өлкем!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы
«Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК
Әлеуметтік педагог және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Жаманкулова Майра Егизбаевна

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті оқытушылар  мен Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары!

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Баршамызға бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады, - дей келе,

ГС-14-1 оқу тобының ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз елім – Ұлы өлкем!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі де құрметті ұстаздар, білім нәрімен сусындаған шәкірттер!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, ГС-14-1 оқу тобының дайындаған «Тәуелсіз елім – Ұлы елім!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,
Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.
Талай ғасыр небір ақын - жыраулар
Тәуелсіздік шежіресін жырлапты.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс
Егемендік–ел бақыты, ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – елімізді тас бұғаудан босатып, төрткүл дүниеге танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі жаңғыру кезеңі басталды, Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр.

2-жүргізуші:

Әнұраным - жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Бірге: ҚР Әнұраны (Әнұран орындалады)

1-жүргізуші: Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінәлар тағылды. Бұл күн-қазақ халқының сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының күні 16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздылығымды жаңа белеске көтерген күн. Ендеше, сол, желтоқсанның оқиғаларындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алайық, 1 минут үнсіздік.

2-жүргізуші:

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбіз, егеменбіз, дербеспіз!

1-жүргізуші: Тәуелсіздік ұғымын және Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру барысында «Тәуелсіз елім – Ұлы өлкем!» атты баяндаманы Пірімжар Талшын оқиды.

1-жүргізуші:

Қазақстан – елім менің,
Қазақстан – жерім менің.
Саған арнап айтылады
Әнім менің – Атамекен!

2-жүргізуші: Ән «Атамекен» Орындайтын:

1-жүргізуші: Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей клеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі-еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл, ал екіншісі сол Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан көтерілісіне 30 жыл. Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар.

2-жүргізуші: Рас Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті сөз болған емес болмайды да. Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззат сынды аға-апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды.

1-жүргізуші:

Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды
Қазақ елі көкке жеткен көк туың
Сен - тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Келесі кезек мәнерлеп оқу.

1. Абдирахманова Умида
2. Тоқтабай Мақсет
3. Бегайдаров Қайсар
4. Раматулла Жанна
5. Шора Олжас
6. Жумабекова Диана

2-жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет- ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана - тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.

1-жүргізуші:

Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ , шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

2-жүргізуші: Би: Орындайтын: Дүкенбай Аяна.

1-жүргізуші:

Әрдайым әлеммене кеңескен,
Шығара да алмас мәңгі ел естен
Жас Отаным біраз жылдың ішінде,
Басқа елмен терезесі теңескен.

2-жүргізуші: 

Айтамын мәуе баққа байтақ жерім,
Қазағым бостандықты қайта көрдің
Желбіреп кең байрағым кең өлкемде
Әлемге таныта бер қазақ елін.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халықтардың басына бақ болып қонды. 

1-жүргізуші:

Бойымда жігер турғанда сенім.
Жалындап өтем жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым.
Аяулы –осы, ардақты елім!

«Тәуелсіздік шежіресі»  мәнерлеп оқу. Көрініс.

2-жүргізуші: Үш ғасырдан кейін тәңірінің пейілі түсіп тұрған мүмкіндігін пайдаланып, тәуелсіздік туын желбірету.                                         

Бұл 1986жылы желтоқсан көтерілісіне қатысқан  өрімдей жас қыздар  мен жігіттердің жеңісі.

1-жүргізуші: Тәуелсіздікіміздің арқасында, осы уақытқа дейін атқарылған ерең еңбектердің арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Енді өркениетті мемлекетке айналу жолында өзінің күш жігерін жұмсауда.

2-жүргізуші:

Жоқ менің өлен жырдан өре алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз боламын.
Кейде бір шертіп қалсаң домбыраны.
Көңілдің кетеді  ғой қозғап әнің.

1-жүргізуші:

Тарихым жатыр талым да,
Тіл қатып келер ғасырға,
Азаттық деген ұғымның,
Желтоқсан тұрар басында.

2-жүргізуші: Мәнерлеп оқу

1. Дүкенбай Аяна
2. Исламбек Асылхан
3. Нусқабаев Бексултан
4. Жамалхан Мадина
5. Аширбеков Жұмахман
6. Серік Жансая

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан
Қазағым бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді
Жайна мәңгі, Тәуелсіз ел Қазақстан!

2-жүргізуші:

Уа, айбынды тұғырлы елім, қазағым!  
Толғандырды мені бүгін жанар үн,
Ол бостандық тұлпарының дүбірі.
Бұзып шыққан бодандықтың азабын.

1-жүргізуші: Мәнерлеп оқу

1. Сүлеймен Айдана
2. Ізбасар Азамат
3. Балтабай Жандос

2-жүргізуші:

Әндер, әндер! Ұш әлемде
Ұш көгімде, күллі әлем  
Көктем келсе гүл боп енсе.
Менде бүгін түрленем.

Әнің де естісі бар, есері бар тыңдаушының құлағын кесері бар дегендей менің ойымша бұл ән өз дәрежесінде шебер орындалады.

1-жүргізуші:

Тұңғұйық–ой, шерге батып тұнғаныңба,
Сен сүрініп құлын дейтін тұрғайсың.
Тәуелсіздік жолында енді жан пида.  
Тәуелсіздік туы үшін құрбанбыз.

2-жүргізуші:

Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейіріммен шапағатқа,
Төрімде Тәуелсіздік құтты болсын!

Ән: «Атамекен».
Барлық оқушы  хормен бірге айтады.

Келесі кезекте бүгінгі тәрбие сағатына қатысып отырған қонақтарға сөз беріледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз