Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы  
«Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Кусаинова Гаухар Серикгазиевна

 

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.
А. С. Макаренко


Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе жас өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын – қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – ой әрекеттерін дамытады. Егер оқушылар онымен қатар шет тілінде сөйлессе, онда ойын олар үшін өте бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын - сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара-қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады

Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

• Ойын – сауық
• Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
• Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)
• Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)
• Әлеуметтендіру

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:

* ойын-сабақ;
* ойын-жаттығу,
* сергіту ойындары,  
* дидактикалық мақсаттағы ойындар,
* логикалық ойындар,
* рольдік ойындар
* грамматикалық ойындар,
* танымдық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу

Ағылшын тілі сабағында мынадай коммуникативті ойындар оқушылардың еркін сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі: Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story,  Name game, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning the actions. Riddles. Tongue twisters

1. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

2. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother

3.What’s  in the  bag? Сумкада  не бар?  ойыны.

Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар? Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі  заттарды  таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.

Сондай-ақ, ойын элементтерін жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылануға болады. Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын.

Олар: «доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек,  «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек

Ойын арқылы мынадай нәтижеге қол жеткіземіз:

- қисынды ой-қабілеті дамиды;
- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
- зейіні қалыптасады;
- байқампаздығы артады;
- өзара сыйластыққа үйретеді;
- ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
- бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
- сабаққа қызығушылығы артады.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.
2. Қазақстан мектебі. №1.2004 қаңтар. Ғылыми–педагогикалық журнал.
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал. №3(45), 2010.
4. Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.
5. Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)