Ойын баланы дамытады

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Мектеп жасына дейінгі мекеменің балаларына арналған
«Ойын баланы дамытады» бағдарлама

Мазмұны.

1. Түсініктеме
2. Мақсаты
3. Міндеттері
4. Күтілетін нәтиже.
5. Өзектілігі
6. Білім мазмұны
7. Бағдарлама  сипаттамасы
8. МДҰ-ғы балаларды ойын арқылы жан-жақты тәрбиелеу концептуалді моделі (кестелер).
9. Бала не білу керек?
10. Не істей білу керек?
11. Әдістемелік және материалдық-техникалық қамсыздығы.
12. Пәнаралық байланыс
13. Тақырыптық оқу жоспары
14. Қорытынды
15. Жобаға қосымша материалдар: (дидактикалық ойындар)
16. Глоссарий
17. Педагогтар үшін әдебиеттер
18. Балалар үшін әдебиеттер:

1. Түсініктеме.

ХХI – ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.

Сондықтан, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында. Елімізде білім саласы айрықша даму үстінде. Кеңестік одақ кезінде аты естілмеген өзгерістер 20 жылда өмірімізге енді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында - мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан халқы бүкіл әлемге  пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» екенін ерекше атады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар.

Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.

Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінің байқаймыз. Өйткені,  ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шыңдай түседі.

 Жазушы Е.А. Аркин өз сөзінде былай деген екен: «Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз».

Балаға білім беруде ойын арқылы жан-жақты дамыту жүйесін құру  проблемасы туып отыр.

Білім жүйесін жаңаша ұйымдастыру кезінде баланы дамыту, қалыптастыру сапалы білім беру үрдісі дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі тууда.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, яғни «Күншуақ» балабақшасы оқу-тәрбие үрдісін іске асырудың  бір жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Біздің тобымызда ойын арқылы оқытуды жаңаша ұйымдастыру дәл қазіргі уақытта қажет деп отырмыз.

Ойын - бала үшін оқу да, еңбекте. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

В. Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады.

Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.

Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында.

Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан.

Балабақшаның  қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс деп есептейді. Егер, біз осы бағдарлама жазғандай балалармен ойын арқылы жұмыс жасайтын болсақ, онда біз баланың құндылығын, жан-жақты білімді болуын дамыта отырып, мақсатқа жетеріміз сөзсіз.

Ойынмен ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.

Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Осындай нәтижелердің арқасында үлкен еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеп шығуына көптеген септігін тигізері анық.

Осы бағдарламаны жазуға себепкер болған мынадай әдістемелік құралдар мен әдебиеттердің арқау болды.

«Балаларым-бақытым» атты авторы О.Асқар және «Балалық шақтың ойындары», авторы С.Мәуленовтың әдеби шығармаларды  ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепалды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға ұсынған.

Қ.Ибрагимовтың «Жас дарындар» мектепалды топтарға арналған әдістемелік-құралдың жиынтықтарының ересек балалардың білім деңгейін  жоғары  көтерудегі бірден-бір құрал екендігіне көз жеткізілді. Осындай әдістемелік құрал жиынтықтарының мектепке дейінгі мекеме балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру арқылы жинақтау себепкер болып отыр.

Бұл жинақта қарастырылған мәселелерге тоқталып өтетін болсақ, балалардың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Мектепке дейінгі жүргізілетін дайындықтар баланы оқу-білімге дайындап қана қоймайды, сонымен бірге оның болашақ өмірінің іргетасын қалайды. Іргетасы берік болған оқу-білімнің болашағы да зор болмақ.

2. Мақсаты:

Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңіріп, рухани жан дүниесін байыта, білім бере отырып ойын арқылы дамыту.

Балалардың оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс ойын арқылы жүйесін құру; бала тәрбиесіндегі ата- аналармен педагогтардың бірлескен іс - әрекеттерінің нәтижелі жолдарын қолдану.

3. Міндеттері:

- Ойын бірлестіктерін құру, жалғыз және топтасып ойнау дағдыларын қалыптастыру;

- Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру. Өз қалауы бойынша ойындар құру, таңдау іскерліктерін қалыптастырып, ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру;

- Ойындарды жүргізу түрлерін үйрету: ойыншықтармен қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет заттарды таңдау, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын ережелерін сақтап ойнау;

- Үлкендердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыру;

- Ойыншықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай ажырату, заттардың аттарын дұрыс атау, топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау;

- Басқа балалармен қатар отырып, бірлесіп ойнату арқылы бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнату, бір-біріне кедергі жасамау, таласпай, бір тоқтамға келу, ойыншықпен кезектесіп ойнау сияқты тәртіптерді орындау арқылы үлкенмен де, құрдасымен де жақсы байланыс жасау дағдыларына үйрету;

- Тәрбиеші ұйымдастырған топтық ойындарға қатыстыру.

Ойын процесінде жолдастарына тілектестік қарым  – қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шеше білуді үйрету;

- Бірлескен ойында өзін - өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету;

- Ойындар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен оларды  ретке келтіруге тәрбиелеу.

4. Күтілетін нәтиже:

-    Ойната отырып, оқыту әдіс-тәсілдер жүйесі анықталды.
-    Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылды.
-    Ойын арқылы баланың психикасында сапалы өзгерістер туды (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті).
-    Ойын арқылы дамытатын оқу ортасы құрылды.
-    Отбасымен бірлесе отырып, ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланды.
-    Оқу-тәрбие процесін ойната отырып, дамытуға ыңғайлап ұйымдастырылды.
-    Ойынды балалардың өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіру. Құралы ретінде пайдалану, соның негізінде ұлттық сана-сезімі, ұлттық мәдениеті қалыптастырылды.
-    Егер, осы бағдарламада айтылғандай балаға ойын арқылы тіл дамыту жүзеге асыратын болсақ, онда бала бойында қалыптасу керек барлық құзыреттіліктерге қол жеткізіп, тұлғаға бағдарланған білім беруде жетістіктерге жетер үлкен үміт.

5. Өзектілігі:

Мектепке дейінгі жастағы бала туғаннан бастап бойындағы жақсы қасиеттерді ойын ойнау арқылы қалыптастырып, қолдануын үйренсе ғажап емес пе? Ойын арқылы баланың психикасында сапалы өзгерістерді тудырудырамыз (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті).

Осы бағдарлама қарастырылып отырған тақырып өзекті деп санаймыз.

6. Білім мазмұны

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі  тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктелініп алынатын нақты мазмұнымен анықталады.

Бағдарлама ойындар, үстел – үсті ойындары, заттық дидактикалық ойындар, логикалық ойлау қабілетін және балалардың шығармашылығын дамытатын ойын тапсырмаларды қамтыған. Ойындардың қай түрін де жеке алып қарастырсақ, бұл ойындар баланың таным қабілетін, логикалық ой -  өрісін  кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттырады.

Ойындар – сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейтеді, шығармашылығын дамытады. Балалардың ой - өрісін, танымын, жаңа тақырыпты өз дәрежесінде меңгеруіне логикалық ойындар да зор ықпалын тигізеді.

Үстел – үстінде қолданатын  ойындар – балалардың қимыл белсенділігін, ептіліктерін дамытады, өз ара бірлесіп ойнау қабілеттерін жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Жалпы дидактикалық ойын ережелері балаларды үстамдылыққа, тәртіптілікке  баулиды, сонымен қатар іздемпаздықтарын арттырып, сөздік қорларын молайтуға қомектесіп, бағдарламалық материалдарды меңгеруне ықпал етеді.

Сөздік дидактикалық ойындар  - балалардың зеінін, ойлау қабілетін, байланыстыра сөйлеуін дамытады. Сондай – ақ, сөздік ойындар балалардың тілдерін ғана жетілдіріп қоймай, олардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеді, баланы ойнай отырып ойлауға жетелейді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Заттарды қолданатын ойындар - қөбінесе дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.

Әр түрлі көрнектіліктерімен ұйымдастырылған заттық ойындар балалардың есте сақтау қабілетін артырып қызығушылықтарын тудырады, тілдерін дамытады.

Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы.

Оған аса зор жауапкершілікпен қарау- әрбір саналы азаматтың борышы.

«Ел болам десең – бесігіңді түзе»,- деп М.Әуезов деп айтты емес пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты.

Дидактикалық ойындар арқылы антоним сөздерді білу, салыстыру.

Оқу-тәрбие процесін ойната отырып, дамытуға ыңғайлап ұйымдастыру.

7. Бағдарлама сипаттамасы

- Сюжеттік-рөлдік ойындар

- Қимылды ойындар

- Дидактикалық ойындар

- Музыкалық-ырғақтық ойындар

Музыкалық-ырғақтық ойындар арқылы дыбыстардың ерекшелігін, биіктігін ажырата білуге үйрету. Мысалы, бұл - құстың дауысы, балапанның дауысы, домбыраның, барабанның үні, т.б.

8.1. МДҰ-ғы балаларды ойын арқылы жан-жақты тәрбиелеу концептуалді моделі

8.2.

8.3.

 9. Не білу керек?

- Мектепке дейінгі мекеме топ балалары барлық дыбыстарды дұрыс айтуды игеріп, дауысты немесе даусыз екенін ажырата білулері керек.

- Мамандық иелерін қызыметімен танасып, олардың еңбек құралдарының атауларын білу керек.

- Ойының шартын есте сақтап, дұрыс орындай білу керек.

- Ойын баланы бір жүйеге келтіріп, өзінің қарапайым әрекетерін жоспарлай білу керек.

- Қоршаған ортада кеңестікті бағдарлап, заттың пішінін, түрін, түсін, қатты, жұмсақ, сапасын салыстырып, үлкен –кіші, сұйық деген ұғымдарды түсіне білу керек.

- Педагог тарапынан берілген сұрақтарды түсініп дұрыс жауап беру және жаңа сөздерімен жұмыс жұргізу кезінде есте сақтай отырып, дыбыстарды дұрыс айту, сөздін мағынасын түсіне білулері керек.

10. Не істей білу керек?

- Балалар өздерін қоршаған материалдық – мәдени заттарды бағалап ұқыпты қолдана білу керек.

- Ойнау кезінде бала өз бетінше құрып, ойлаған ойын іске асыра білу керек.

- Өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстай білу керек.

- Ойынау барысында өз жолдастарының тілегі, ойымен санасып, бір–біріне көмектесе білу керек.

- Ойыншықтармен ойын материалдарына қамқорлықпен қарай білу керек.

- Ережелерді сақтай білу керек.

11. Әдістемелік және материалдық-техникалық қамсыздығы.

1. Дидактика оқу-әдістемелік кешен.
2. Қызықты суреттер /санау материалдары/
3. Телевизор.
4. Үнтаспалар.
5. Магнитті тақта.
6. Дидактикалық ойын әр сала бойынша.
7. Дидактикалық ойыншықтар
8. «Көңілді әліппе» дамыту әліппесі
9. Атрибуттар.
10. Дидактика оқу-әдістемелік кешен.
11. Қызықты суреттер /санау материалдары/
12. Суреттер топтамасы.

12. Пәнаралық байланыс.

Баланың жас ерекшелігі, ортасы, өмірлік тәжірибесі сөздік, білім ортасы да молайа түседі.

Тәрбиеленушінің көз-қарасы мен білім деңгейі, отбасы тәжірибесіне, қоршаған ортасына сай көтеріліп, өсіп отыратын жүйе.

Қатынас білім беру саласы бойынша ойынның барлық пәндерде қолданылатыны айқын.

Музыка өнерімен байланыс:

Музыка әуені бойынша өз ойын дұрыс, белгілі естігенін жеткізу жолында байланысады.

Тіл дамытумен байланыс:

Тіл дамыту, сөздер мен сөйлемдердің толық айтылуы арқылы сандарды жеткізеді.

Бейнелеу өнерімен байланыс:

Берілген сурет бойынша бейнеленген кейіпкерлерді өздері сөйлетіп, өз қиялынан образдарды қағаз бетіне түсіруге себеп болады.

Көркем әдебиетпен байланыс:

Айтылған ертегі немесе әңгіме желісі бойынша образға енуде және стол театрын сөйлетуде.

Экология негіздерімен байланыс:

Қоршаған ортамен тығыз байланыста бола отырып, жануарлармен құстардың кейіпкерін енгізіп, аттирибуттар қолдану.

13. Тақырыптың оқу жоспары.

Тақырыптар

Сағат саны

Өту формасы

І

   «Денсаулық» білім беру саласы

 

 

 

   1. Табиғат және денсаулық.

1

Суретті бояу

   2. Балақан да алақан.

1

Ойнау

   3. Тауық пен балапандар

1

Ойнау

   4. Азықтану тізбегі

1

Дид.ойын

   5. Кім байқампаз?

1

Аңғару

   6. Не шатастырылған?

1

Байқау

ІІ

   «Қатынас» білім беру саласы

 

 

 

   1. Достар

1

Әңгімелесу

   2. Ойын: «Ақылды үкі»

1

Ойынату

   3. Ақылды періштесі

1

Ойнау

   4. Сүйікті ойыншықтарым

1

Ойнату

   5. Алғыс құсы

1

Ойын ұйымдас-у

   6. Ертегі білесің бе?

1

Ойын ұйымдас-у

ІІІ

   «Таным» білім беру саласы

 

 

 

   1. Айырмашылығын анықта

1

Ажырата білу

   2. Отбасындағы жарасым

1

Сыйластықпен

   3. Ғажайып салют

1

Құрастыру

   4. Таным қуанышы

1

Теңестіру

   5. Туған ұя

1

Сызба көмегімен

   6. Құпия сөз

2

Сөздік кілтті білу

ІV

   «Шығармашылық» білім беру саласы

 

 

 

   1. Әупілдегім аппақсың

1

Құрастыру

   2. Ойлан тап!

1

Шешуін табу

   3. Пиктограмма

1

Шешуін табу

   4. Ақ қоян

1

Ойын ұйымдас-у

   5. Бүлдіршінге тапсырма

1

Заттарды табу

   6. Ойлана отырып сыз

1

Ұқыпты болу

   7. Дәлдігін тап

1

Ойлану

   8. Анаграмма

2

Шешуін тап

V

   «Әлеуметтік орта» білім беру саласы

 

 

 

   1. Ребус

1

Ойлану

   2. Шапшаң бол балақай

1

Есепте

   3. Ойнайық та ойлайық

1

Сөз жұмбақ шешу

   4. Досқа көмек керек

1

Көмек беру

   5. Балақанның қимылын ажырат

1

Ажырата білу

   6. Анаграмма

1

Шешуін тап

34 сағат

14. Қорытынды

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті–ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

15. Бағдарламаға қосымша материалдар:

а) Дидактикалық ойын.

Мақсаты:

Балалардың артық-кем деген ұғымдардан қаншалықты білімдері барлығын анықтау және біліктерін тереңдету.

Ұқыптылық пен байқампаздыққа тәрбиелеу.

Шарты:

Суретті анықтап қарап,олардың ішіндегі біреуі артық. Қалған үшеуінің арасында бір ұсастық бар.Төртіншісінің неге артық екендігін түсіндір.

ә) Дидактикалық ойын.

Мақсаты:

Балалардың қонақ-жайлылығы мен қатар жоғары-төмен және ерекшеліктерді ажырата алуға қалыптастыру.

Заттардың аттарын анық білуге, қажетті кезеңдерін білуге дағдыландыру.

Шарты:

Жоғарыдағы столмен төмендегі стол заттарының есте сақта. Сосын мұқият қараған жоғарғы суретті парақпен жауып, төменгі суретке қара. Қандай өзгерісті байқ

16. Глоссарий

Жеке тұлғадара тұлғаға оның әлеуметтік қатынасқа енуі жағынан сипаттама беретін әлеуметтік ерекше мәні бар тұрақты жүйе.

Жетекші әрекет түрлері даму кезеңіндегі жаңа білім беретін маңызды психикалық қызмет туындауына қатысты басқа іс-әрекеттер дамытатын күй.

Оқу оқып үйренушіге білім, білік және дағдыны беру мақсатында мақсатты және жүйелі ықпал жасау.

Отбасы – ұрпақтардың сабақтастықтары, балалардың әлеуметтенуі, отбасы құндылықтары және мінез-құлқы ұқсастығы жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбие институты.

Дағды – Іс - әрекетті орындаудың автоматтандырылған  әдісі.

Даму - Ескі қалыптан жаңа сапалы қалыпқа өту және қозғалыстармен өзгерістер процесі.

Жобалау –жобаны жасау,  даярлау үрдісі.

Құзырлық -  Білімнің нәтижесі оқушылардың белгілі бір іс – әрекет біліктілік жиынтығын игеруге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған ұстаз бен оқушылар  арасындағы өзара әрекет  процесі.

Өзара әрекет - Кейбір іс - әрекетті бірлесіп жасау процесі.

Іс-әрекет - Білімдену мақсатын іске асыруға қаратылған әлеуметтік қызметтін ерекше түрі.

Құзырлық - әсер ету барысында  баланың іс- әрекет біліктілігіне, жиынтық мүмкіндігіне ие болу .

Сауалнама - Вербальдік коммуникация негізінде бастапқы социологиялық және әлеуметтік психологиялық ақпараттар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал.

17. Педагогтар үшін әдебиеттер:

1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар, Алма-Ата  «Жалын» 1999 г.
2. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1998 ж.
3. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев, Алматы «Балауса» 2000 ж.
4. Бала тәрбиесі, № 12, 2013ж.
5. Бала тәрбиесі, № 5, 2011ж.
6. Отбасы және балабақша. №1, 2014 жыл.
7. Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы 2002 жыл.
10. Бала мен балабақша. №1, 2012 жыл.
11. «Қазақтың ұлттық ойындары» Б.Төтенаев. Алматы «Қайнар» 2004 жыл.
12. Жас дарындар «Шың –кітап» баспасы 2009ж № 4,5,6,7
13. Бала тәрбиесі №2, 2015 жыл.
14. Отбасы және балабақша №10-11-12,  2013 жыл.
 

18. Балалар үшін әдебиеттер:

1. Жас дарындар «Шың –кітап» баспасы 2009ж № 1,2,3
2. Айгөлек 2014 ж №5,4 2015ж №7,8
3. «Кел, ойнайық» К. Толыбаев. 2001ж
4. «Санап үйреніміз» Қадыр - Мырза  - Әли, Алматы 2012ж
5. «Ойлан тап» Аруна баспасы.
6. «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын». Р.Б. Нуртазина, Астана 2006ж
7. «Балаларым-бақытым» О.Асқар Алматыкітап 2010ж
8. «Балалық шақ» С.Мәулен Алматыкітап 2011ж



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)