Хақназар хан (1538-1580 жж.)

Пән: Қазақстан тарихы

Қазақ мектеп-гимназиясы

Күні :

 Мұғалім: Сералина М.Е.

Сынып: 7

Тақырып:

Хақназар хан  (1538-1580 жж.)

Келмегендер:

Оқыту мақсаты

Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайымен таныса отырып, Хақназар саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.

Оқу нәтижесі:

  • АКТ-ны сабақта қолдану арқылы жұмыс дағдысы қалыптасады.
  • Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыланады.
  • Әділ бағалау дағдылары қалыптасады.
  • Шығармашылықпен өздері жұмыс атқаруды үйренеді.
  • Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы жетістіктерімен танысады.

Модульдер

Әдіс –тәсілдер

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

- Оқушылармен бірлесе сабақтың мақсатын жоспарлау.

- Диалогтік оқыту (Топтық әңгіме).

2.  СТО

- «Фишбоун» әдісі.

3. Оқыту үшін бағалау

- Өзара бағалау парағы.

4. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту.

5. АКТ

- интерактивті тақта

- таныстырылым

6. Талантты және дарынды балаларды оқыту (А,В,С, деңгейіндегі оқушыларды ескеру, бақылау).

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық (Сыныпты дұрыс ұйымдастыру).

Дереккөздер

7-сынып оқулығы

Ресурстар, таныстырылым, ватман, бағалау парақтары.

Барлығын қосқанда

Оқушылар жеке, топпен жұмыс жасайды, тақырыпты, сұрақтарды талқылайды, өзара бағалайды.

Бағалау

Формативті бағалау: «Карусель»

Өзара бағалау: Бағалау парақшасы  

Кері байланыс: «Шабадан, ет тартқыш, қоқыс себеті».

 

Алдыңғы білім

Қасым хан (1511-1518 жж.)

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ барысы

Дереккөздер

Дид.материал

Ой шақыру

 

 

 

 

 

І.  Тақтаға оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже жазылады.

1. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу. .

2. Топқа бөлу. Сурет қиындылары арқылы. Суреттері бірдей оқушылар бір топты құрайды.

 

3. Суреттерді байланыстыра отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

 Тақта, ватман, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

«Тәй-тәй» әдісі. Ортаға 1 оқушы шығады, сұрақтар қойылады, оқушы сұрақтарға жауап береді.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мазмұнын игеру үшін оқылым уақыты.

Жұппен талқылау.

Тапсырмалар.

- 1 топ – Хақназар ханның ел басқарудағы жақсы қасиеттері жетістіктерге жеткізді деген пікірмен келісесің бе? Осы сұрақ негізінде өз пікіріңді дәлелде. «Фишбоун» әдісі.

- 2 топ – «Шатасқан логикалық тізбек». Мәтіннен алынған үзіндіні, оқиғаны хронологиялық тәртіппен орналастырып, логикалық тізбек құрау керек.  

- 3 топ – «Жылжыма суреті». Топтан бір оқушы 20 секунд уақыт ішінде мұғалімге жақындап, суретті мұқият көріп, есте сақтауға тырысады. Содан өз тобына оралып топ мүшелеріне көрген суретін барынша сипаттуға тырысады, олар түсінгендеері бойынша сурет салады. Суретті көрген оқушыға оны салуға рұқсат берілмейді. Топ болып суретті жандандыруға тырысады. Суретке ат қояды. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға жағымды әсерін тигізеді.

- 4 топ – «Интервью». Оқушылар интервьюдің жобасын жасайды, интервью алады. Тақырып: «Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі». Сөйлеу дағдыларын дамытады.

А,В,С, деңгейіндегі оқушыларға тапсырмалар.

А – «Егер мен хан болсам......» эссе жазу.

В – Келесі көмекші сөздерді қолдана отырып, тақырып аясында сөйлемдер құрастыру:

  1. Егер мен.... болсам.....
  2. Хақназар хан...........
  3. Мәтіннен келесі қорытынды шығарамын: ...........

С - Таңдамалы тестпен жұмыс.

Қорғау. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Әр топ бірін-бірі бағалайды.

ІV. Бекіту

«Тарихи тұлғаға хат жазу». Тақырыпқа сай оқушылар бір тарихи кейіпкерді таңдап, оған хат жазады. Хаттың мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Ханға арналған сұрақтар, алғыс білдіру, кеңес беру, бүгінгі өмірді сипаттау.

А3 қағазы, түрлі-түсті маркер, тақта, ұялы телефон.

 

 

Рефлексия

Бағалау

Сабақты қорытындылау. Топ басшылары өз тобының мүшелерін бағалайды.  «Шабадан, ет тартқыш, қоқыс себеті». Өзіммен бірге не алдым? Қызықты, бірақ өзім қолдануға әлі де батылым бармайды, «ет тартқыштан өткізіп», ой елегінен өткізуім қажет? Бұл сабақта мен үшін не тиімсіз болды?

Бағалау парағы

Үйге тапсырма: Картамен жұмыс жасау

Мұғалім рефлексиясы

 
   
           

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)