Химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Химия пәнінің оқытушысы: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы      

    

МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ

а) Ақпараттық-коммуникативтік технология жайында түсінік

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Ақпараттық технология әдістері, оның тиімділіктері

б) Оқытудың интерактивті әдістері

в) Химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік  технологияны пайдалану

III ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 

КІРІСПЕ

Ақпараттық-коммуникативтік технология жайында түсінік

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек [4]. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады [5]. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні  сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жиі қолданылуда [2]. Осыған байланысты:

Мұндай қондырғылар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударсақ. [3].

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ақпараттық технология әдістері, оның тиімділіктері

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.

Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. [6].

Оқытудың интерактивті әдістері

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғы шарттарын қанағаттандыру керек. Психологиялық тұрғыдан алғанда:

Жалпы алғанда,

 

Яғни, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады. [7].

 

Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын, компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары.

Химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану барысында, химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда студенттер атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде ақпарат құралдарынанан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар, студенттермен  сабақта «Химик анықтамалығы» журналына шығатын СD-де ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі пайдаланғаны жөн. Журналға шығатын презентациялар кез-келген тақырып үшін таптырмайтын құндылық және студенттер кеңірек  мәліметтер алады. [8].

III ҚОРЫТЫНДЫ

1. Студенттің пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артып, жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
3. Студенттер өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
4. Экологиялық сауатты болуға үйренеді, тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.
5. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.

Мұғалім үшін:

1.Сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін ізденуге әрекет жасайды.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпынады..
3. Күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалып келеді.

Нәтиже:

1. Студенттер топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып,  нақты мақсаттар қоюға үйренеді.
2. Жаңаша оқуға  дайындықтары жетіліп, өзара әрекеттесу дағдылары дамиды
3. Студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, құлшынысы оянады.
4. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
5. Студенттер өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
2. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
5. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 
6. Хакен Г. Информация и самоорганизация - М.: Мир, 1991.
7. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы: “Ғылым”.
8. М.Қ. Құрманалиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары»

ҚОСЫМША:

Химия пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдалану барысында қолданылатын видео және аудио файлдар, ашық сабақтар.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)