Алтын күз

"Алтын күз"

(ертеңгілік)

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер:Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Ендеше күз  ханшайымын  ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз ханшайымы: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы әндер, тақпақтар біледі.  Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Жеміс-жидектер» деп аталады. Ойынның шарты бойынша балалар өз себеттеріне жеміс-жидектерді жинайды. Қай бала көп жинайды сол бала жеңіске жетеді.

Ойын «Жеміс- жидектер»      

Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

 

1Алма (А.Даулет)                  

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал дәмді

Дастарқанарыңа арнадым.

 

2Шие (Б.Кәусар)

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

 

3Құлпынай (Мадияр)

Жапырақта тасалап

Өскен жері бақша бақ.

Күрең қызыл шіркін- ай

Оның аты –құлпынай.

 

4Жүзім (Қуандық)

Мен жүзіммін,

Күзде пісем салбырап.

Мен піскенде,

Қуанады балалар.

 

5Жүгері (Еркеназ)

Жүгері, жүгері сен келдің,

Өзіңмен бақыт әкелдің.

Сені көрген адамдар,

Бас салып жей береді.

 

6Қызылша (Әдемі)

Ызаланған қызылша

Қып қызыл боп қалыпты,

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.

 

7Қырыққабат (Аянат)

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

 

8Картоп (Бекмұхаммед)

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл көк, сарысы,

Ащы-тұщы бәрісі.

 

9Пияз (Салтанат)

Болса да ащы,

Дәмді етер асты,

Өседі ол жерге,

Тығып алып басты.

 

10Сәбіз (Айда)

Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас менсіз палауды.

 

11Алмұрт (Асылхан )

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.                                       

 

12Өрік (Әсемай)

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Мені жеген балалар,

Мені жақсы көріпті.

 

13 Шабдалы (Жансая)

Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Онын аты шабдалы

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар жемістер! Ал ендігі қарсы алатындарыңыз жапырақтар биі.

Би: жапырақтар

Жүргізуші: Одан соң тамаша ән «Кап-кап, тук-тук»

Ән «Кап-кап, тук-тук»

Бұлт: Алтын күз бұл қалай болғаны? Сен мені ұмытып кеттіңбе?

Мен өзімнің тамшыларымды ертіп келдім.

Би тамшылар биі

 

Жүргізуші:Ән тырс –тырс

 

Күз ханшайымы: Өте тамаша, балалар!  

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Соңында бір өлең оқып әдемі музыкамен ертеңгілікті аяқтау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)