Мектепке дейінгі ұйымдарда В.Воскобовичтің ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
№4 "Айгөлек" бөбекжайы МКҚК
Тәрбиеші: Муканаева Айжан Кадыровна

 

Балада ойынға деген құштарлық бар, оны тек қаңағаттандыру керек.

Антон Макаренко

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарына жету үшін алға қойған міндеттердің бірі ретінде-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту көзделген болатын. Балалық шақ - адамның ең қызықты, әрі бақытты шағы. Сондықтан, біздің балаларымыз кәзіргі заман талабына, қоғам мұддесіне лайықты, жаң-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психологиясы қалыптасқан парасатты азамат болып өсулері үшін білім саласында еңбек ететін біздерге ортақ міндет. Кәзіргі заманғы білім беру құрылымында нешебір жаңа технологиялар өмірге келуде. Сол технологиялардың бірі – ойын технологиялары.

Дидактикалық мақсаты: ой-өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту;

Тәрбиелеуші мақсаты: дербестікке, жігерлілікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты: зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға, қиялдауын, фантазиялауын, шығармашылық қабілетін, оқу уәждемелік қызметін дамыту;

Әлеуметтендіруші: қоғам құндылықтарының ережелеріне тарту, қоршаған орта жағдайына бейімдеу, қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Шынайы анықтамасын берсек, ойын дегеніміз-баланы әдептілікке, сауаттылыққа, жан-жақтылыққа, баулитын құрал. Ойын дегеніміз ұшқын, сол ұшқыннан бала бойында білімге деген құштарлық пен құмарлық және еліктеу секілді маздап жанар от тұтанып, лаулайды. Ойындар түрлері өте көп: ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар...т.б ойындар. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау, өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Балабақшада қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын  ғана білеміз. Ойын технологиясының нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды мекемелерде  балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.   

Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқыту жолдарының көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар алдына тиімді жолдарды анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді. Ғаламторда мен В.Воскобовичтің ойындарымен таныстым. Осыдан кейін жұмысыма Воскобович ойындарын енгізе бастадым. Мен өзім мемлекеттік тілдегі топта жұмыс жасаймыз. Бір айта кетерлігі, қазақ тілінде әдістемелік құралдар тапшы. Дегенмен, өзіміз аударма жасап аламыз.

Воскобович ойындары несімен қызықты?

1. Конструктивтік элементтерімен.

Мысалы алатын болсақ , "Геоконта" – құрастыру құралы ретінде динамикалық «резеңке", "Воскобович шаршысында" – қаттылық пен иілгіштік бірге, "Мөлдір шаршыда" – мөлдір пластинка мөлдір емес бөлігімен, "Затейник-бауда" – бау және т.б. Ойын қатысушыларының жас ерекшеліктерінің кеңдігімен. Бір ойын ұш жастағы да, жеті жастағы балаларды да, кейде орта мектеп оқушылары да қатыса алады. Сәбилер үшін де және ересек жастағы балалар үшін де бір-екі әрекеттен тұратын және қиын көп сатылық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

2 . Көп функционалдығы. Бір ойынның көмегімен көптеген білім беру міндеттерін шешуге болады. Өзі сезбей-ақ сәбилер цифрлар мен әріптерді меңгере бастайды; түс, пішінді біледі және есінде сақтайды; қолдың ұсақ моторикасын шынықтырады; тілін, ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді. Ойындар оқу, математикалық  дағдылар, құрастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдері  арқылы жүреді.

"Ура! Мен оқимын" кешені – ойынның ынталандырушы материалдары арқылы оқуға үйрететін,  авторлық  көзқарасы, зейін мен фонетикалық-фонематикалық  естуін дамытатын авторлық  өлеңдері мен әндерімен байытылған. Басқа дидактикалық кешендерден айырмашылығы  материал қарапайым берілген, бұны қосымша оқусыз-ақ ата-аналар да, педагогтар және тәрбиешілерде пайдалана алады.

3. Шығармашылық мүмкіндігімен. Қандай ойынмен бала барлығынан көбірек ойнайды? әрине, балаға өз ойын іске асыруға мүмкіндік беретін ойынмен ойнайды. «Сиқырлы басқатырғыштар», түрлі-түсті «әйнектермен», «Геоконтпен»,«Воскобович шаршысымен» неше түрлі қызықты нәрселерді ойлап және оларды осы ойындардың бөлшектерінен құрастыруға болады: машиналар, ұшақтар, кемелер, көбелектер мен құстар, батырлар мен ханшайымдарды – бүкіл ертегін әлемін құрастыра алады! Ойындар ересектерге де шығармашылық пен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 4. Бейнелілік және әмбебаптылық. Бұл ең негізгісі, осы арқылы басқа ойындардан Восковобич ойындары ерекшеленеді. Ойындар ертегі әлемімен, ерекше тілімен толықтырылған, бұл тілді біз, ересектер, тиімді сөз тіркестерімен алмастырып алғанбыз. Барлық ойындар ең басты қатысушыға-балаға бағытталған. Ертегі-тапсырмалар, мейірімді кейіпкерлер, ержүрек сәби Гео, айлакер, бірақ қарапайым Всюсь, қызықты Магнолик ойын барысында баланы сүйемелдеу арқылы, оларға тек ғана математика, оқу, логиканы да, сонымен қатар, адамгершілік қарым-қатынастарға, ойынға қатысып отырған ересектермен де ортақ тіл табысуға көмектеседі.Жастың  мотивациялық әрекет акценттеріне – қызығушылық, бейнелік, қол жетімділік, стандартқа сай еместігі, қабылдау жаңашылдығы, сан-қилылығы – ойындар шеттетеді, зейінді, қызығушылықты жинақтайды, және баланы шешу үрдісіне әрдайым тартады. Бала міндетті түрде жағдайға кіреді, нақты алгоритм талап ететін, әрекеттердің жүйелілігі, ұсынылған тапсырмаларды, мақсаттарды, шешімдер нұсқаларын іздейді.

 5. Ойынның көңіл-күй мәдениеті

Балалар туралы, тәрбиелеу мен дамыту туралы сөз қозғаған кезде біз, ересектер, өте салмақты болып қаламыз. Көптеген педагогикалық  тәсілдерді зерделеген кезде ойын туралы жарғы, концепция, ережелерді есімізге салады. Бірақ ойын – көңілді іс. Сондықтан, осы ойындардың маңызды ерекшелігі болып балалар теңдік, қолдау тілі деп қабылдайды, қиын болған кезде қарым-қатынас жеңілділігі сықақ пен сынды түсінеді.

6. Пайдалану мүмкіндігінің әр түрлілігі.

Осы ойындардың үй жағдайында да,  ойын жинақтарында да, сонымен қатар, балабақшалардың топтарында да, мектептерде де, жеке және түзету практикасында да пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындарды  білім берудің әр түрлі модельдерінде қолдануға болады. Бұл тәрбиеші мен мектеп педагогына жеке және түзету жұмыстарын жұргізуге мұмкіндік береді, бұл топпен, сыныпта сабақты ұйымдастыру ұшін материал бола алады. Сонымен қатар, жеке материал ретінде де, топтық жалпы көрнекілік ретінде де пайдалануға болады (мысалы «Геоконт», «Ларчик» кешені – үлкен көлемді).

7. Ойын таңдаудағы басымдылық

Көптеген педагогтардың тәжірибесі «Воскобовичтің дамыту ойындары» бойынша сабақтар барысында көңілдерін аудару ұшін бір рет ережелер мен міндеттерді түсіндіріп беруді ұйымдастыру жеткілікті екендігін айтып отыр, ал материалдардың қол жетімділігі мен технологиялығы балаларға ойынмен қарым-қатынас жасау арқылы өзі ұшін жаңалықтар мен жаңа жақтарын ашуға мүмкіндік береді.

Ойынның басы әр түрлі болуы мүмкін: бала «кездейсоқ» ашық жерде қалдырылған ойынды тауып алады және бірден танысуды бастайды. құрастырылған бейнелі материал кездейсоқ  шығармашылыққа ынталандырады, баланың қызығушылығының арқасында ата-ананың міндеті ойын жүйесінің  иекмділігін пайдалана білуі. Ойынмен танысу ертегімен танысу арқылы жүруі мүмкін. Бейнелік және қызықтыратын сюжеті арқылы ойынға деген қызығушылықты ынталандырады. «Ойнаймыз - сеземіз - танимыз», бірінен соң бірі қадамдау, жүйелілік принциптері арқылы қызықсыз уақыт өткізуді ғана емес, сонымен қатар, оқытудың технологиялық  моделін қамтамасыз етеді, білім алуға қажеттілікке негізделген ересектің де, ата-ананың да, тәрбиеші- педагогтың да, баланың шығармашылығын, қызығушылығын арттырады.

Мысалы, «Игровизор» ойын тренажері, «Ларчик» ойыны білім беру кешені педагогқа да, тәрбиешіге де, ересекке де білім беруде кең таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, ойын – бұл тек ғана дамыту технологиясы ғана емес, жетістік принципін есепке ала құрастыру арқылы ойын дағдылары мен біліктерін қалыптастыру динамикасын диагностикалауға мұмкіндік береді, бақылау, жеке карталарды құрастыру, арнайы диагностикалау арқылы жетімсіз (нашар) жақтарын дамытуға мүмкіндік береді

Воскобовичтің дамытушы ойындары. Геоконт

Халық оны «шегелері бар тақтайша» деп атайды. "Геоконт" ойынының  нәтижесінде балалардың қол және саусақ моторикалары, сенсорлық қабілеттері (түс, түр, пішін), ойлау процестері (сөздік модель бойынша құрастыру, симметрия және симметриялы емес фигураларды құрастыру, заңдылықты табу және бекіту)

Воскобович шаршысы (Ойын шаршысы)

Осы ойынның «халықтық» атаулары көп – «үйеңкі жапырағы», «жаулық».  Ойын шаршысы" иілмелі негізге бекітілген бір-бірінен біршама қашықтықта орналасқан 32 қатты ұшбұрыштан тұрады. Осындай құрылымына қарай шаршы жақсы трансформацияланады. Шаршы тығыз матадан жасалған, екі жағынан контрасты түсті жеңіл пластиктен жасалған ұшбұрыш жапсырылған .

Шаршылар екі түсті және төрт түсті болуы мүмкін. Балалардың кіші моторикасын, кеңістікті қабылдау, қиялдау, логика және есептеу дағдыларын дамытуға бағытталған. «Ұлы шаршының шегі болмайды» деп осы шаршы туралы айтылған. Баланың қолында қызықты материал, ол әр түрлі қалыптағы геометриялық пішіндерге, «оригами» принципі бойынша ойыншыққа, көлемді пішіндерге трансформацияланады. Бұл шаршы тек ғана ойнауға ғана емес, сонымен қатар, кеңістікті қабылдау, жеңіл моториканы да дамытуға да, геометрия, кеңістік координациясымен, көлем негіздерімен, есептеу материалы, модельдеу негізі үшін, жастарына қарамай шығармашылықты дамытуға да көмек береді.

Автомобильдер паркі, көйлек гардеробы, жануарлар зообағы, көбелектер тобырын «Фигуралар альбомынан» табуға болады.

Сиқырлы гүл -сәби «Сиқырлы гүл» арқылы түстерді меңгере алады, жапырақтардан әр түрлі фигураларды құрастыру арқылы Долька қыздың құпияларын шешуге көмектеседі.

Игровизор-"ұзақ  ойналатын" папка. Жоғарғы мөлдір қағаз бетіне фломастермен сурет салуға болады, оларды бояу барысында қате жібердім деп қорықпауға болады. Өйткені, ол қателерді майлықпен оңай өшіруге болады, сондықтан тапсырмалары бар парақтар қажет емес. Игровизор кешенінде әр түрлі қосымшалар бар.

Әріптер лабиринті .Лабиринтте сөздер шашылып қалады. Шашылып қалған әріп - моншақтарды жинау және сөздерді оқығаннан олардан сөздер құрастыру қызықтырақ! Лабиринттегі дұрыс емес жолды майлықпен сүртіп тастап қайтадан жаңа жол салуға болады.

Бізді қоршаған заттық әлем. Қандай ауа-райында резеңке етік киюге болады, кофе шайнегін қайда қою керек, жас аспазға түскі ас дайындауға қалай көмек беру қажет. Құрал балаға дұрыс жауап таңдауға көмектеседі.

Кілемграф  ойын арқылы білім беретін кешен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кеңінен қолданылатын фланеллеграфты ауыстыра алады. Кілемграф ойын түрінде әр түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Сауаттылықты қалыптастыруға арналған ойындар.

Воскобович Зайцевтің құрастыру (складушки) ойын әрі қарай дамытты: бейнелері бар суреттер салды және анықталған складтардағы өлеңді жолдарды жазды.

Складушки. Складушки ойын-құралы склад жүйесі бойынша балаларды (3-4ж) оқуға ерте үйретуге арналған. Құралда 21 үлестірме бар, онда әр үлестірменің оң және сол жақтарына тік ба?андар түрінде складтар көрсетілген. Әр үлестірмедегі екі складты баған складты үйді бейнелейді. Суреттер, өлеңдер, музыка осы үйлерді бейнелерін құрайды, басқаша айтқанда, оқытудың складтық жүйесін бейнелейді. Енді Складинск қаласын елестетіп көрейік. Онда 20 үйшік бар, онда Боря туралы өлең, қаз туралы және басқалар туралы өлеңдер тұрады. Сонымен қатар, күн үйлер бар (А О У Ы Э Я Ё Ю И Е). Осындай үйлерде күн тұрады.

Воскобовичтің  теремоктары. Бұл балаларды ерте оқуға дайындау үшін арналған керемет оқу моделі. Бірегей құрылым, әріптер жиынтығы, көрнекілік, бейнелілік, буындар мен сөздерді «құрастыру» жеңілділігі бұл ойынды «Ұзақ ойналатын шаттыққа» айналдырады. Воскобовичтің  теремоктары-базалық  құрылым. Текше бар, теремок бар. Текше теремокқа салынады – буын шығады. Осындай құрастыру балаларға дыбыстардың буынға айналу принципін түсінуіне көмектеседі. Теремоктар текшелермен  байланысады және сол арқылы сөздер құрастырылады. Кешенде барлығы 12 текше, 12 теремок бар – өте жинақы, ыңғайлы конструкция.

Әріптер конструкторы.Осы элемент-модульдерден әліпбидің кез келген әрпін құрастыруға болады. Осындай құрастыру балаларға әр әріптің  моторлық  бейнесін есте сақтауға және оларды әрі қарай шатастырмауға үйретеді, мысалы, П мен Н, Б мен В, С мен О.

1 және 2 оқылмақтар (читайка). Оқу дағдыларын дамытуға арналған ойын. Бала бұрыштарды бірінен соң бірін бүге отыра әр түрлі сөздерді алады. Кішкентай «алаңкайдан» 4 сөзді оқуға болады, ойында 100-ден астам сөз бар.

Әріптер сандықшасы. Бұл ойын бүкіл отбасына арналған. Жаңбырлы күні немесе жолда балалар мен ересектерді зерігуден сақтайды.

 Шарлардағы оқылмақтар. Өздігінен оқылады, оларда көптеген көңілді ойындар мен қызықты тосын сыйлар бар.

"Ромашка", "Яблонька", "Парусник", "Снеговик"

Сәбилерге арналған үзіндік бірегей эрудит, мұның әр ойынында 200-ден астам сөз ойлауға болады және оларды баудың көмегімен жазуға болады.

Воскобовичтің технологиясы – Ойынның ертегілік лабиринттері

Ерте дамытудың әдетте екі жолы бар: біреуі – теориялық ережелерден практикалық негіздеуге, екіншісі- керісінше – практикалық тәжірибеден, оны жалпылаудан теориялық негіздеуге бағытталған. Воскобович технолгиясы – практикадан теорияға қарай жүретін жол.

Ойын плюс ертегі

«Ойынның ертегілік лабиринттері» технологиясының бірінші принципі болып мектепке дейінгі жастағы балаларды ойын арқылы оқыту. «Ойынның ертегілік лабиринттері» технологиясы- анықталған сюжетті (ойын және ертегіні) іске асыру барысындағы ересектер мен балалардың ойын түрі арқылы әрекеттесуі. Бұл жерде білім беру міндеттері мазмұнға кірітірілген. Дамытушы ойындар сәбилерге білім алуды қызықты қойылым ретінде береді, мотивациялық сипаттағы мәселелерді шешеді, үйреніп жатқан білім, білік, дағдыларына қызығушылық туғызады.. Ойын әдетінде балаларды да, ересектерді де бей-жай қалдыра алмайды және оларға шығармашылықтарын қосуға серпіліс береді.

Қосымша ойын мотивациясын әдістемелік ертегілер де құрайды. Олардың сюжетіне сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар, міндеттер жүйесі кіріктіріледі. Өте ыңғайлы – ертегіні оқисың, бала оны тыңдайды және сюжет барысында сұрақтарға жауап береді, міндеттерді шешеді, тапсырмаларды орындайды. «Ойынның ертегілік лабиринттері» таза ойын технологиясы болып саналады Дамытушы орта - Күлгін орман (Фиолетовый лес)-онда бірінші рет Күлгін орман бейнесі пайда болды.  Күлгін орман өте әр түрлі, оларды фанерьден, ковралиннен, қабырғада, матада сурет ретінде пайда бола бастады. Негізінде, дамытушы сенсомоторлық  аймақ  құрылады. Бала онда өздігінен әрекет етеді: ойнайды, құрастырады, ересектермен әрекеттесу арқылы алған біліктерін жаттықтырады. Күлгін орманда міндетті түрде ертегі кейіпкерлері  болады.

Технологияны іске асыру тәсілдері

Технология орналасқан тәртіптерге жақсы кіріктіріледі. «Ересек-бала» қатынастарында ересек адамның баланың үстіне қарау қарастырылмаған, мұнда тек қана серіктестік қатынастар. Бала жайлы, көңлді, интеллектуалды-шығармашылық атмосферамен қоршалған. Бала  өзіңің шығармашылық бастамаларын қолдау есебінен сыртқы сезімдері ашылады.

Біздің топтағы балалар «Геовизор», «Кемелер» («Кораблики»), «Фонарики» сынды ойындармен жұмыс істегенді өте ұнатады. Осы ойындардың көмегімен балалар математикалық ұғымдардың айырмашылықтарын, қызығушылықтарын, ықылас-ынталарын көрсетеді. Ойын кезінде балалар өздерін тәуелсіз сезінеді, білімдері мен дағдыларын тереңдетеді.

Бұлар – бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесінің, сезім мүшесінің дамуына, айналадағы болмысты танып-түсінуге әрекет жасап, логикалық және  басқа да қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Қорытынды

Соңғы онжылдықта жаңа технологиялар қарқынды қолданысқа енді. Шығармашылық жұмысымда В.Воскобовичтің технолгиясына сипаттама бердім.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)