сайыс
ozgetil.kz

Қиял қаласына - саяхат

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті
«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ
Мукуышева Шынар Сейдуалиевна
педагог-психолог

Педагог-психологтың жас мамандармен жұмысы

Психологиялық тренинг: «Қиял қаласына - саяхат»

Күні: 8.01.2018 ж.

Өткізіледі: «Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі(Р.О)» КММ

Педагогтар саны: тіркелу қағазы беріледі

Жауапты: педагог-психолог  Мукуышева Ш.С.

Мақсаты: жас мамандарды жаңа әлеуметтік-кәсіптік ортаға бейімделуде жағдай жасай отырып креативті терапияны мүмкіндігінше және эмоционалдық ерік өрісін алдын-алу және түзету жұмыстары арқылы дамыту.

Міндеттері:

- Өзіндік сана-сезімін және топты ұйымдастыру;
- Педагогтың кәсіптік қызметте стреске қарсы және қалжыңның мағансын түсінуіне жағдай жасау;
- Жас мамандардың белсенділіктерін қалыптастыруда, сенімділігін күшейтуарқылы, олардың жеттістіктерге жете алу қабілеттерін ашу;
- Жағымсыз қобалжуды төмендетуге және жағымды эмоционалдық жағдайға өзгерту;
- Оқушылар мен ата-аналар, әріптестерімен тиімді әрекеттесуді арт – терапия әдісі арқылы дағдыларын қалыптастыру;
- Шығармашылығын дамыту, елестету және қиял арқылы.

Құрал-жабдықтар: қапшықтағы статуый заттар, музыка, пластилин, әр түсті қағаздар, А-4 қағазы, қалам.

Ойын уақыты: 1 сағ 30 минут.

Педагог-психолог: Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.

Біз сіздермен ерекше қалада жүрміз. Бұл қаланың аты Қиял қаласы. Қоржынды ашып ішінен бір затты таңдап алыңыз. Ал енді өтінемін, өзіңізді алған затыңызбен таныстырыңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, жүргізуші қапшықтан әр түсті тік төртбұрыштың біреуін алуды ұсынады –  «ол қаланың әр түсті ауданында тұратын иелік қағазы».

«Орналастыру» жаттығуы.

Педагог-психолог: енді мен сіздерді қоныс тойға шақырамын. Жаңа өздеріңіз танысқан заттарыңызды, әр түсті ауданның қалаған жеріне қойуыңызға болады.

Қатысушылар әр түсті үлкен қағазға таңдаған заттарын орналастырады.

«Көріктендіру ауданы» жаттығуы.

Педагог-психолог: Қазір әрбір ауданның тұрғындары ойлап табуларыңыз керек:

- Өз ауданыңыздың аты;
- Өз ауданыңыздың көрікті жерлері;
- Бірлесіп өмір сүру ережелері.

Орындалу уақыты: 5 минут.

Берілген уақыттан кейін қатысушылар өз ауданының презентациясын қорғайды.

«Керексіз заттардан құтылу» жаттығуы.

Педагог-психолог: Әртүрлі әлем халықтарының өз әдет-ғұрыптары бар. Олардың әдет-ғұрыптарының ішінде керексіз барлық заттардан құтылу мерекелі күндері бар екен. Кейде біздің физикалық кеңістігімізде шексіз көп заттар сыймайды. Жаңа заттарға орын болу үшін, ескі заттардан құтылу керек. Ескі заттарды лақтырып, жаңа заттарға орын дайындаймыз, одан біз сүйіспеншілкке жетеміз, олар арқылы қуанамыз. Біздің жанымызда сол сияқты болып жатыр. Кіршіксіз сезімдерді және қуаныштарды жанымызға жинақтап сақтаймыз. Өкінішке орай, өмірде біз үшін жағымсыз, өкінішті, кейде қайғылы жағдайлар болып жатады. Ол туралы ойлар есімізде ұзақ сақталады, алға ұмтылуымызға кедергі жасайды, өмірде қуануға мүмкіндік бермейді.Әр адам бақытты болғысы келеді. Өмірден жақсы, таза, қуаныш сезімдерді алу үшін, ескіден, керексіз, бізді бұзатын, жан дүниеміздегі ескілерден құтылу керек. Жанымызға қуаныш орнықсын десеңіздер, оған орын босатып қою керек.

Енді біз қағазға, бізге бөгет жасайтын, неден құтылғымыз келетіні жайында жазамыз. Бұндай шешімге келмес бұрын, сізге шынымен де керегі жоқ па, жақсылап ойланыңыз. Егер сіз нақты сенімді болсаңыз, бұдан шынымен де құтылғыңыз келсе, - жазыңыз. Одан кейін бәрін жоямыз. Олай болса,біздің жанымызға таза, қуанышты сезімдер қоныстансын.

Форматудырушы психокоррекция.

Педагог-психолог: Біз керексіз заттардан құтылғанда, жағымды көңіл күй, таза, нұрлы сезімдерге орын қалады. Орындықтарыңызбен дөңгеленіп отырыңыздар. Қолдарыңызға кішкене ермек саздың кесегін алып, көздеріңізді жұмыңыздар. Ермек сазды жұмсартыңыздар. Не сезіндіңіздер? Енді куб жасаңыздар, кубтан – домалақ, домалақтан – блин ... Ал енді кез келген бір затты жасаңыз... (5 минут).  «Үш» деген кезде көздеріңізді ашыңыздар. Бір... Екі... Үш!  Қараңыздар, сіздерде не пайда болды? Бұнымен өз аудандарыңызды көркейтіп қойыңыздар. ...

Мағынасыздық техникасы.  Ауарайы жайында...

Педагог-психолог: Күзгі «ЖАҢА - ЕҢБЕКАҚЫ» депрессияның ықпалды әдісі - ауа райын демеуші. Күндіз ауа райы жайлы біркелкі болды. Анда – санда күзгі сөздер жауып өтті. Сөз жауынынан «Ақын және ұйқастыру» фирмасының сөз шығармашылық қолшатыры арқылы ғана қорғана аласыз. Біздің ауа райын болжаушылар, алдын ала мынандай өлең жолдарының сөздері түседі дейді: психолог, педагог, мұғалім, ата-ана, ереже, жалғасу, еңбекақы, сабақ, бастықтар, дауласу, әлем, арман, тыныштық.

Әр ауданның тұрғындары тақпақ шығарады, яғни арасында берілген сөздер болу керек.

Түнде қала ішінде жел соғып өтеді. Ол бет жүздеріне жылулық әкеледі, кейбір адамдардың ми белсенділігі күшейеді, нәтижесінде сөздер тұнады оның әзіл – оспақ мағанасын ашукерек: МШ (мүмкіндіктері шектеулі), КТК (кәсіби тех.колледж), ҰБТ.

Қатысушылар берілген қысқармалардан (аббревиатур) әртүрлі нұсқалар ойлап шығарады.

«Қиял» психодинамикалық жаттығуы.

Педагог-психолог: Қаланы алакөлеңке басты, оның ізінен бархыт жамылғымен түн жапты. Біз түнде тек ұйықтап қана қоймаймыз, түс көреміз – кейде түсімізде өзімізге жайлы, барғымыз келіп жүрген жерлерге барамыз. Терең дем алыңыздар, назарларыңызды демдеріңізге шоғырландырыңыздар. Ал қазір музыка ойнайды, сіз қыдырып жүрсіз. Сіз түнгі көшемен келе жатырсыз, сізге жеңіл, таза ауа, жағымды хош иіс. Өзіңізге қызықты жерді тауып алыңыз, тоқтаңыз, өзіңізді тыңдаңыз, музыканың дыбысына мән беріңіз, қараңыз: сіз жалғыз емессіз - сіздің жаныңызда әртүрлі көшенің тұрғындары бұл өте жақсы ғой.

Бірлескен музыкалық қойылым.

Педагог-психолог: Таң атты. Тұрғындар өте жақсы көңіл күйде оянды, әр аудандарда музыка ойнап тұр. Әр қатысушы өзінің қайталанбайтын музыкалық аспабын ұсынады. Өзінің аспабында өлең әуендерін ойнайды: «Туған күніңмен» (жүргізуші көрсетеді). Ал енді біз ыңғайланып отырып алайық, нағыз оркестыр мүшелері сияқты. Менің дирижерлық таяқшаммен қозғалтып қалғанда, әркім өз партияларын орындайды. Өз өлеңдерін айтады.

«Диірмен» жаттығуы.

Педагог-психолог: Қазір бәріміз екі екіден қол ұстасып тұрамыз. Қолымызды жібереміз. Сосын екі қолмен алма кезек жоғары төмен көтеріп, түсіріп тұрамыз. Диірмен сияқты айналдырып, бірінші адам көтергенде, екінші адам қолын түсіреді. Бәрі бір бірінің артында тұрады. Ең алдынан бір адам диірменнің ішінен қорықпай тік өтуі керек. Солай бір бірден басынан бастап аяғы аяқталғанша жүреді.

«Қол шапалақтау»жаттығуы.

Педагог-психолог: Келіңіздер бір-бірімізге қол шапалақтап құрмет жасайық. Біз құрметке лайықпыз. Қазір мен өз қол шапалағымды біреуіңізге сыйлаймын, ал ол адам өзінің қол шапалағын келесі адамға сыйлайды. Сөйтіп барлығымыз бір – біріміздің қол шапалақтарымызға шомыламыз.

Педагог-психолог: Өкінішке орай, «Қиял қаласында» болу уақыты шектеулі. Өз аудандарыңызға жақындап, өз заттарыңызды алыңыздар, оны қоржынға салып, өз аттарыңызды атаңыздар.

Рефлексия.



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)