ozgetil.kz

"Мен өз елімнің патриотымын"

Алматы облысы

Балқаш ауданы

"№1 Бақанас орта мектебі МДШО"МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Жұман Дария Жұмаділқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен өз елімнің патриотымын"
Мақсаты:
 Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын,Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы -патриот тәрбиелеу.
 

Ресурстар: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, слайдтар,маркер,стикер.

Әдістер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,көрсету, іздену,
 

Барысы:

 І Ұйымдастыру кезең.

-Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру  

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Кіріспе әңгіме:

-Балалар, бүгінгі 1-қыркүйек білім күнгі сабағымыздың тақырыбы:"Менің өз елімнің патриотымын" деп аталады.  Биылғы оқу жылы қазақ елінің айтулы мерекелерімен тұспа-тұс келуде.Билектің күшімен,найзаның ұшымен қорғаған қазақ даласында  үлкен  мереке.Биыл Қазақстан Республикасының  жүрегі,тірегі Елордамыз Астанаға -20жыл.

      

Топтарға бөлу.

Ой қозғау.

-Отан дегеніміз не?

-Бұл сөзді естігенде есіңе ,көз алдарыңа тағы қандай сөздер келеді?

Топтық жұмыс.

"Отан"тақырыбына постер құру,қорғау.

 

 
 

                                                                                  Овал:    Отбасы                   

 
             
 
   
   Овал: Туған жер н                   Овал:    Отан
 
 

                                                                   Овал: Байтақ ел            

Сұрақ-жауап

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан

-ҚР  астанасы ?

-Астана

-ҚР тұңғыш президенті кім?

-Н.Ә.Назарбаев

Мұғалім түсіндірмесі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.

Синквейн  әдісі:
                          "Патриот "

Қандай? Аса өнегелі, жауапты, тәртіпті

Не істейді? Өз Отанын сүйеді, қорғайды, еңбек етеді

Кім? Азамат, жеке тұлға
-Сұрақ-жауап

-Балалар ,еліміздің экономикасының өркендеуіне әртүрлі мамандық саласында үлес қосқан қандай атақты адамдарды білеміз?

Қызығушылықты ояту.

"Қазақстанның көрікті жерлері мен жануарлары"тақырыбында бейнефильм ,суреттер керсету.

 Ой қорту.

Бейнефильмнен не көрдің?

      Қандай ой түйдің?

 

 

Рефлексия :

-Рөлдік ойын

"Мен ауыл құрлысшысымын"(өз ойларын қағаз бетіне түсіру)
 

Кері байланыс:"Екі жұлдыз,бір тілек "

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)