Өлең, жыр, ақындар

Төрт түліктің кеңесі

Өткізген: Сарсенбаева Гүлмира Дусенқызы

Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.
Дамытушылығы: халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, оқыту, салыстыру, топтастыру, ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру.

Нәтиже:  Оқушы төрт түліктің ерекше қасиеттерімен танысады.
Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттер, топтастыру, тыйым сөздер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа жақсы қатысамыз. Сабағымыздың мақсаты төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алып, пысықтау.
Қазір біз топқа бөлініп алайық. Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
Үстел үстінде топ атауы жатыр. Әр топтан 1 оқушы келіп алады.

І топ – «Бұзауқан»
ІІ топ – «Ботақан»
ІІІтоп – «Қошақан»
ІҮтоп – «Құлыншақ»
 

II Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Түйе өлеңін жаттауға берілді.
Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады.

 III  Үй тапсырмасын пысықтау

Түйе - киелі жануар (топтастыру стратегиясы)

 

IV Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ
Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З
1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
3. Ешкі төлі.
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

Қандай сөз шықты? (Түлік)
Яғни бүгінгі тақырыбымыз, Төрт түліктің кеңесі деп аталады.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашамыз. Мәтінге саусақ түсірейік.
1. Мұғалім оқу.
2. Мұғалім түсіндірмесі.

  • Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.
  • Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау-тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді.
  • Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.
  • Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді.

Оқушыларға рөлге бөліп оқыту.
 

Қошқар мен теке мултфильмінен үзінді.

Балалар жануарлар тек ертегіде ғана тату, дос емес, сонымен қатар өмірде де бір-бірімен тату өмір сүреді. Олар бірге өріске барады, бір астаудан бірлесіп су ішеді.

Сергіту сәті. "Қошақаным" әнін айтады.

V Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазып тақырып жазылады, тақтадағы сөздер дәптерге жазылады.

Берілген сөздер                          Мәтіндегі осы сөздердің мәні

Тұрмысы төмен                             Қоры үзілген

Шаруа қуған                                  Еңбекқор

Найза ұстаған                                Батыл, өжет

Зор                                                Шаруақор, бай

Сендер білесіңдер ме?
Слайдпен жұмыс.
Қазақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атаулары бар.

Түйеде – бұйда
Жылқыда - ноқта
Сиырда - бас жіп
Өгіз еркек малында - мұрындық
Қой-ешкіде - көген

Қазақта малды топтап жаятын болған.

Түйенің тобын – келе
Жылқының тобын - үйір
Сиырдың тобын – табын
Қой-ешкінің тобын – отар дейді.

VI Суретпен жұмыс

Оқушылар суретке қарап төрт түліктің қай жерді қалайтынын айтады.

(Төрт түлікті бағып күтуге байланысты еңбектер)

VII Шығармашылық жұмыс.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не үйрендік, не білдік? Ойымызды қалай түйіндейміз?

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел. Мал мінсе көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе - киімі, тұтынса - бұйымы, байлығы мен салтанаты осы мал болған. Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап, қасиетті төрт түлікті, ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

Үйге тапсырма.  Мәнерлеп, рөлге бөліп оқып келу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз