Эссе және өлең-жыр байқауы

Тірек-қимыл жүйесін қайталау

Кенжегалиева Гаухар Жақсылыққызы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы

Жаңақоныс ауылы

Новый орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

 

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

 

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесін қайталау

Сабақтың мақсаты: Қаңқаның жеке бөліктерін, сүйектің құрамы мен қасиетін, тірек-қимыл жүйесінің маңызын, сүйектердің байланысуын, қозғалыс пен дене шынықтырудың  денсаулық үшін маңызын терең түсіндіру, алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың міндеттері:

А. Білімділік: Оқушылардың адам қаңқасы және сүйектің құрамы туралы, тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін толықтыру;

Б. Дамытушылық: Оқушыларды топпен өзіндік жұмыс істеуге, ой өрісін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін адам ағзасындағы қаңқа тірек-қимыл жүйесінің құрылысын, химиялық құрамын және олардың байланысын үйрету.

Ә. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, және ұлттық әдет-ғұрыптын адам организмін шынықтырудағы маңыздылығы арқылы жақсы нәтижеге жету, оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сәйкестілікті табу сұрақ-жауап  әдістері, СТО стратегиялары, эссе жазу, ойын ұйымдастыру.

Көрнекілігі: Кесте тапсырмалар, суреттер, плокаттар, бағалау парағы, даналық сөздер.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер т.б.                            

                          Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушы зейінін сабаққа даярлауғ класты үш топқа бөлу

 

Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
/Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.

Қиын-қиын қиялар,
Қияға жұмыртқа ұялар.
/Ми/.

Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.
/Жұлын/.

Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.
/Екі қол/.

Екі батыр қазына іздейді,
Екі батыр жол  іздейді.
/Қол мен аяқ/.

 

 

1-тапсырма. БІЛІМ МИНУТЫ. (биологиялық диктант)

1- топ

1.Дене қаңқасына …  … мен ….   …  жатады. (омыртқа жотасы, кеуде қуысы)

2. Остеондар-… жасушалары. (сүйек)

3. Адам  қаңқасының сүйектері …,… және… болып  жіктеледі. (қысқа, жалпақ, ұзын)

4. …  … кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.

(дұрыс отырмаған кезде)

2- топ

1. Кеуде қуысын …  …, … мен …. құрайды.     (арқа омыртқалары, қабырғалар, төс)

2. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне … …,   … …, … … және майда 26 сүйектен тұратын …,    … және … … жатады.  (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, бақай)

3. Қысқа сүйектерді …, …, … сүйектері құрайды.  (омыртқа, білезік, алақан)

4. Ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар  және биік аяқ киім кигенде- ….  пайда болады. 

(жапақтабандылық)

3- топ

1. Иық белдеуі …  … мен … … тұрады.(екі жауырын, екі бұғана)

2. Омыртқа жотасы …-… тұрады.  (33-34)

3. Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының …  … және екі … … тұрады.

(сегізкөз бөлімі, жамбас сүйегі)

4. Қаңөқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда …-… жасқа қарай аяқталады. (22-25)

 

2-тапсырма. КӨРЕЙІК ТЕ, БІЛЕЙІКТоптық жұмыс

3-тапсырма. Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап

1- топ

1. Адам қаңқасында қанша сүйек бар?

2. Жақ сүйекте нелер орналасқан?

3. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

2- топ

1. Адамда қанша қабырға болады?

2. Сүйек жасушасы қалай аталады?

3. Ұзын, түтік тәрізді, қуыс сүйек қалай аталады?

3- топ

1. Қысқа сүйектерді ата.

2. Жалпақ үшбұрышты сүйекті ата.

3. Қаңқаның сүйектену процесі адамның неше жасында аяқталады?

 

4-тапсырма. “Орнын тап...” (берілген суреттерді ату)

 

 

 

Қорытындылау:

1.Тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?
2.Қаңқа деген не? Неше бөліктен тұрады?
3.Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді ата?
4.Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар?
5.Кеуде торы қандай сүйектерден құралады?
6.Қысқа сүйектерді атаңыз?
7.Түтікті сүйектерге жататындар
8.Адамда омыртқаларының саны
9.Төссүйек қайда болады, саны қанша?
10.Арқа омыртқасының саны қанша?

 

Үйге тапсырма:

1. «Менің денсаулық сақтаудағы қолданатын әдістерім» және «Ұлттық әдет-ғұрыптың организмді шынықтырудағы маңызы» Эссе жазу

2. Төмендегі сөздердің мағынасын ашу

Сөз сүйектен өтті

Сүйегі асыл адам

 Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмаларын орындаған, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.

 

 


Пікірлер (2)

toktolhan@mail.ru

keremet

Жанаргул

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз