Өлең, жыр, ақындар

Қызғаныш

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2801
Қайсар бол,
Бол, немесе, кесір мейлі.
Кей туыс өшірмесе, өсірмейді.
Жоқ сенің зияның да,
Бірақ, бірақ
Жер басып жүргеніңді кешірмейді.
Өмірдің жас кезінде қызған әні,
Жастықтың арқасында із қалады.
Ат мінсең,
Кей ағайын,
Күші түгіл,
Түсін де тұлпарының қызғанады.
Аузыңа ала көрме қос соғымды!
Қас түгіл,
Көре алмайды дос соныңды.
Кей бауыр
Сөз қылады
Еңбегіңе
Лайық артық тапқан бес сомыңды.
Өзінен бұдыр тауып тегісіңнің,
Көзіме айтылыпты көбі сынның...
Кей жақын қимайды екен,
Басқа түгіл,
Бір елі биіктігін кебісіңнің!
Әр ақын әр нәрсені келеді аңсап.
Бірдеңе айтқың келер қалам алсаң.
Оныншы,
Жүзіншісің тірі кезде,
Ақын жоқ сенен артық өле қалсаң!
Жіберер аттандырып сапарыңа.
Оғы жоқ біреулердің атарына.
Апыр-ай!
Сен де, досым, жатасың ба
Осындай ағайындар қатарына?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кәрі қыран

  • 0
  • 4

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.

Толық

Аяз

  • 0
  • 0

Көз байланды, түсті іңір,
Жүргізді аяз қожалық.
Шиқылдайды
Қыстың бір

Толық

Арасында жүруші едім гүл-гүлдің

  • 0
  • 0

Арасында жүруші едім гүл-гүлдің,
Өте шықты-ау зымыраған дүлдүл күн.
Ұйықтаушы едім әлдиінен анамның,
Оянушы ем әуенінен бұлбұлдың.

Толық

Қарап көріңіз