Өлең, жыр, ақындар

О бастан-ақ өзімшіл

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1657
О бастан-ақ өзімшіл,
Меншіл емен.
Тіл таба алам қойшымен,
Елшіменен.
Балықшымен бір шығып көк теңізге,
Жер астына бір түстім кеншіменен.
Ұзын демен жолымды,
Қысқа демен.
Жазда келем ауылға,
Қыста келем.
Келген сайын
Болатқа жан бітірген
Бір сырласпай кетпеймін ұстаменен.
Танысуға жас кезде жасқана ма?!
Талай ермен сырластым астанада.
Түс кезінде
Сылақшы жеңгейлермен
Бірге тұрдым кезекте,
Асханада.
Біз қазақпыз қыз баққан,
Ұл өсірген.
Жан емеспін төс ұрып,
Бір есірген.
Қатар кірдім сан мәрте трамвайға
Техникпен,
Монтермен,
Слесарьмен.
Ақын ба екен,
Әкім бе,
Ұлық па екен?
Деп ойлардай
Көрсетпен қылық бөтен,
Түбінде мен
Сорпаға салған тұздай
Қалың елдің ішіне сіңіп кетем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәуір

  • 0
  • 0

Жоқ қой бізде махаббаттан басқа уайым.
Жыр-көңілмен қалай ғана таспайын!
Жасыл фонтан болып көкке атылды
Жапырағын бұрқыратып жас қайың.

Толық

Қыз

  • 0
  • 0

Деп жатпайды жігіт еді,
От еді.
Үндемей-ақ түбіңе әбден жетеді.
Көрмегісі келсе сені

Толық

Бұлт және күн

  • 0
  • 0

Түс көріп ем:
Сақ-сақ күліп албасты,
Жүн-жүн қолмен жағама кеп жармасты.
Келесі күн

Толық

Қарап көріңіз