Өлең, жыр, ақындар

Бай сейілді

  • 18.03.2015
  • 1
  • 11
  • 137056
Бай сейілді,
Бір пейілді
Елде жақсы қалмады.
Елдегі еркек,
Босқа селтек
Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз,
Сөз теңеусіз,
Бас пен аяқ бір қысап.
Ұрысса орыс,
Елге болыс,
Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыққа
Қәдірі жоққа
Қарамай, өз халқына
Сөз қайырмай,
Жөнді айырмай,
Жұртқа шабар талпына.

Танымадық,
Жарымадық
Жақсыға бір іргелі.
Қолына алып,
Пәле салып,
Аңдығаны өз елі.

Шашты барын,
Берді малын
Боларында жұртына.
Еміреніспес,
Енді піспес,
Ұқсамас еш сыртына.

Ел де жаман,
Ер де жаман -
Аңдығаны өз елі.
Елде - сыяз,
Ойда - ояз,
Оңбай-ақ тұр әр түрі.

Кетті бірлік,
Сөнді ерлік,
Енді кімге беттемек?
Елің – ала,
Отты шала,
Тайса аяғың, кім көмбек?

Өтті өмірім,
Қайтты көңілім
Бұл дүниенің ісіне.
Жасы құрбы,
Жаны тұрғы,
Дос па деген кісіге.

Ел керексіп,
Сөзге емексіп,
Не болады мақтаның?
Пейілі шикі,
Ақылы күйкі,
Осы жұрт па тапқаның?



Пікірлер (11)

Алия

Оте адеми жазылган

Нұрсыйла Жаңабаева

Күшті өлең жолдары.

Қалдыбекова жұлдыз

Өте күшті

Қалдыбекова жұлдыз

Өте күшті

Сапархан Бейбарыс

керемет

Асылжан

Жақсы өлең екен

Ақнұр

Көп көп рақмет!Асықпай жаттадық рақмет

Кəусар

Керемет өлең екен

Ерлан

Абай Құнанбайұлының Бай сейілді өлеңі маған ұнады

Құрбанәлі

Әке туралы өлең бар ма?

Оля

Абай Құнанбайұлының Бай сейілді өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы

  • 0
  • 0

Әр кімнің бір жары бар басы байлы,
Қызылсу Шарға құймай тасымайды.
Жаманға жақсы қолы ұжымақтай,
Әлханжан бері таста насыбайды.

Толық

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да

  • 1
  • 4

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.

Толық

Қуанбаңдар жастыққа

  • 1
  • 15

Қуанбаңдар жастыққа,
Елірме күлкі, мастыққа.
Көзің қайдан жетеді
Достық пенен қастыққа?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар