Өлең, жыр, ақындар

Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2394
Қолыңдағы сақина қалайы ма,
Жаман жүрмес жақсының маңайына.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сөзіңе сөз орнымен келгеніңде,
Сөйлеместен өзіңе қалайын ба?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Тобылғының түбінде ін бар ма екен,
Сүйген жардың мойнында мін бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сағыныштан мен бүгін әнге салдым,
Ақ сәулені көретін күн бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Әуел айлап тағы да әуел айлап,
Аттырмайды ақ бөкен одағайлап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Мына жерде бас қостық осы бүгін,
Бес-алты ауыз өлең айт күліп, ойнап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбозат (2­ нұсқа)

  • 0
  • 0

Ақбозатпен сен бе едің орағытқан, ау,
Ақ көйлекпен мен едім қозы ағытқан-ау.
Сен түскенде есіме, беу, құрбыжан, ау,
Көзім жасы-ау қойныма сорағытқан-ау.

Толық

Құрбым-жай

  • 0
  • 0

Дүниенің ойнап-күл жарығында,
Жан қартаяр көңілдің жарымында-ай.
Толғаннан соң туған ай, о да қайтар,
Ешбір нәрсе тұрмақ жоқ қалыбында-ай.

Толық

Алтай-Сауыр, көк жайсаң

  • 0
  • 0

Ар жағында Ертістің үйілген тас,
Ақ маңдайға жарасар қиылған қас.
Тіршіліктің барында ойна да күл,
Қайта айналып келмейді жиырма жас,

Толық

Қарап көріңіз