Өлең, жыр, ақындар

Оспанхан Әубәкіровке

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14512
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай,
Күн көзін тұман тағы қаптағаны-ай!
Аяз Атаң тәттісін үлестіріп,
Ащысын екеумізге сақтағаны-ай!
Тұрғызбастай тұмшалап қаралықты,
Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты.
Кеше біздер жылатып тастап кеткен,
Ойнатып жүр сәбилер балалықты.
Toп шымшық тал басына үймеледі,
(Көрінген сауысқаннан именеді.)
Бір орында бір биді мың қайталап,
Секектеп олар қашан билегелі...
Аяңдайық ауылымыз жаққа қарай
Қайың да ақ, терек те ақ, ақ қарағай,
Пай, пай, шіркін! Демін-ай жігіт-қыстың!
Қарғыма-ау, күйдіре ме-ау, от па, қалай?..



Пікірлер (2)

Несіпбек Жібек

Мұқағали Мақататаев атаны сүйіп оқимын тіпті біршама кітаптарыда бар керемет ақын

Дариға

Мұқағали Мақатаевтың Оспанхан Әубәкіровке өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Менің анкетам

  • 2
  • 12

— Туған жерің?
— Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
— Туған жылың?
— 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Толық

Европа

  • 0
  • 1

Үңгірінен құлдардың,
Ұйқы басқан көне індерден,
атыла шықты, жатпады,
Таңдандырды өзін де,

Толық

Майданның бәйгесіне

  • 1
  • 1

Қарасаздың су ішіп бұлағынан,
Жүретұғын құлпырып құла құнан.
Қылығы да, жұп-жұмыр мүсіні де,
Аумайтұғын киіктің лағынан

Толық

Қарап көріңіз