Өлең, жыр, ақындар

Бес арман

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2949
Қаракөк жылқы ішінде құлын болсам,
Ішінде омыртқаның жұлын болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Алдыңа алып сүйер ұлың болсам.

Қаракөк жылқы ішінде тайың болсам,
Талменен аралас біткен қайың болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Жаныңда жататұғын жарың болсам.

Қаракөк жылқы ішінде құнан болсам,
Қараңғы кісі адасар тұман болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Құшақтап көрісетін құдаң болсам.

Қаракөк жылқы ішінде дөнен болсам,
Жаз жайлап, күз жіберген көбең болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Құшақтап сүйетүгін бөлең болсам.

Қаракөк жылқы ішінде бесті болсам,
Құрбымнан өзім теңді есті болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Алдыңа алып тігер кестең болсам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыл-ай

  • 0
  • 0

Бұл жалғанда Асылдай асыл бар ма,
Асады ғашықтығым асыл жанға, ғашық-ай.
Хор қызы да тең келмейді сені ойласам,
Ойымда жатсам-тұрсам Асыл ғана, ғашық-ай.

Толық

Зар заман

  • 0
  • 0

Уа, тәңірі құдыретіне таңқаламын.
Соңынан бір ғашықтың зарланамын.
Сыртым жоқ, ішім жалын болды менің,
Сыртыма шығаруға арланамын.

Толық

Леп ұрған кейбір жігітке

  • 0
  • 0

Атқа мінсең наз бедеу
Қапалы көңіл ашылар.
Кем болмаса тумысың
Қатарға басын қосылар.

Толық

Қарап көріңіз