Өлең, жыр, ақындар

Қарагөз

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1354
Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қайырмасы:
Қарагөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанға бармаған,
Сұм басым,үйбай, сөзге ерген.

Жүрген жүріс, Қарагөз, күлген күлкің,
Жанған жүрек қасында болсаң,шіркін!
Сені ойласам, Қарагөз, ас батпайды,
Түнде ұйқым келмейді, күндіз - күлкім.

Қайырмасы.

Қаратаудың басынан түсер сағым,
Сағынғанда кайда едің, ғашық жарым?
Туған айдай секілді сүйген сәулем,
Сенің сұлу болғаның деуші ем бағым.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағажай

  • 0
  • 0

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!
Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Толық

Айна-ау

  • 0
  • 0

Ахауға мен саламын он екі алуан,
Сөзінде бұрынғының-ау, болмас жалған-ай.
Жағалап өзен бойын келе жатсам,
Айнашқа-ай, салып келеді-ау, бір-екі-ай, адам-ай.

Толық

Жиырма бес (4 нұсқа)

  • 0
  • 0

Байжеке, мырза көңлі болды қалай,
Қашқаны аралаушы ең талай-талай.
Қондырсам осынау тұрған қызыл гүлге,
Етуге ептеп сайран жайың қалай.

Толық

Қарап көріңіз