Өлең, жыр, ақындар

Тос мені, тос

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2775
Тос мені, тос, қалқатайым,
Көп кешікпей мен барам.
Келеді деп күткен сайын,
Асқын басын жан-жараң.
Тос мені, тос, жадыра жаз,
Май айының кешінде.
Кетер күнгі құрбылық наз,
Бар айтқаның есімде.
Тос мені, тос босанар деп,
Қармағымнан ажалдың.
Тос мені, тос, тоса біл тек,
Көп кешікпей барам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылыой

  • 0
  • 0

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге су шығатын,бие байлап.
Қызыл шай,жез самауырын,саздың суы,
Сәскеде ішуші едік әрең қайнап.

Толық

Жамал-ай

  • 0
  • 0

Қызыл нардың басындай ала ноқта,
Ақ жүзіңді көрейін,айнам,тоқта.
Жерің шалғай болса да іздеп келдім,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма,жоқ па?

Толық

Қанатталды

  • 0
  • 0

Әндердің ұлы атасы “Қанатталды”,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар