Өлең, жыр, ақындар

Қайықта

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4554
Болсақтағы жаңа таныс,
Жүзсек те алғаш қайықта.
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс,
Бұйырмашы айыпқа.
Самал болар толғандырған,
Айдын шалқар көл бетін.
Сәулем, мені ойландырған
Сенің жарқын келбетің.

Көлдің жүзін нұрландырып,
Тұр ма сенің дидарың?
Сол бейнеңді тұрған күліп,
Су бетіне қимадым.
Ескегіңді берші маған,
Мен есейін, сен еспе.
Су күлкісі сылдырлаған
Сенің күлкің емес пе?

Ашылғандай айдын көлде
Үлкен өмір есігі.
Су бетінде қайық, бейне –
Махаббаттың бесігі.
Жылжы, қайық, осы көлде,
Жыр толтыршы жаныма.
Махаббаттың бесігінде,
Тербелейік тағы да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретші ата

  • 0
  • 0

Шалкөденің гүлін-ай!
Елге тартқан сыйындай.
Ақындардың алыбы
Мынау – Біржан, Сүйінбай.

Толық

Мойынқұмда

  • 0
  • 0

Мойынқұмда ел жайлауы,
Ел жайлауы көк шалғын.
Хан тауы мен Жамбыл тауы –
Кең жайлауы достардың.

Толық

Қайдасың?

  • 0
  • 0

Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар