Өлең, жыр, ақындар

Сүйем сені

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 17285
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы,
Мың құлпырып қызғалдақ құлпынады!
Бақытты жұп екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені (3 рет)
Оттай ыстық жүрегімнен, ар алдында!

Жан жүрегім елжіреп сағынғанда,
Бір сен едің аңсаған таңлы тауда!
Көзімді алды жалғанда жұлдыздарға,
Көп қарадым, көп мұнар сағымдарға...
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені (3 рет)
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдында!

Асыл жарды аяулы ақ білегі,
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сыры айнымас махаббатым!
Тебірентті, толғатты қатты мені!
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені (3 рет)
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдында!
Сүйем сені (3 рет)
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек сыры

  • 0
  • 0

Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім әлде сонан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы
Қапелімде басылам ба, болам ба?!

Толық

Теріскей

  • 0
  • 0

Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Толық

Сыған серенадасы

  • 0
  • 0

Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар,
Үміт болса;
Күн туса басыңа,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар