Өлең, жыр, ақындар

Хат

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 6
  • 26396
Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,
Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.
Рақатта іші-сырты ауылдың,
Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.
Сағынышым - тек өзіңсің бір ғана,
Ұшып жетті, қарлығаш та, тырна да,
Саралақаз жұмыртқалап үлгірді,
Кеше екеуміз асыр салған жылғаға.
Ең алғашқы нөсер де өтті себелеп,
Әлдеқашан гүлге қонды көбелек.
Байлық, бақыт - бәрі де бар ауылда,
Әттең, сәулем, тек сен жоқсың не керек?!



Пікірлер (6)

жібек

9ақпан жарыс болады

Арна

керемет

Арна

сөз жоқ

Арна

9 Ақпан ол кісінің туған күні

ЖАРАС

Кешкі бақ үнсіз тұрған таң шапағы тек сәулем сені ғана аңсатады деген әннің сөзін қайдан табуға болады? М.Мақатаев

Ару

Өте керемет маған унады

Пікір қалдырыңыз

Жаным-ай!

  • 1
  • 6

Жаным-ай!
Жабықтырма, жабықтырма,
Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма,
Жырымнан тарықтырма, тарықтырма.

Толық

Өкпелеттім...

  • 1
  • 5

Өкпелеттім...
He дейін, өкпелеттім,
Өкпелетіп қалайша көктемекпін.
Сенің қойған межеңнен аттадым да

Толық

Бозқараған

  • 2
  • 2

Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Сирень иісі аңқиды боз даладан.
Бозқараған - тікенек, тікенге өскен

Толық

Қарап көріңіз