Өлең, жыр, ақындар

Бұйығып өтпек күндерге...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1038
Бұйығып өтпек күндерге,
Түйіліп өтпек түндерге,
Күрмеліп шықпақ тілдерге,
Шешеннің көңлі бітпеді.

Мұң болды сонда мұнартқан,
Жылдардың мұңын күн артқан,
Мұңсыз бір күнге құмартқан
Көсемнің көңлі бітпеді.

Өкініш етіп ай-күнін,
Көтеріп жүгін қайғының,
Көрсетпей мидың байлығын
Дананың көңлі бітпеді.

Келгенде мезгіл тағы алдай,
Сараңдық берген тағамдай,
Сұрағанын ала алмай
Баланың көңлі бітпеді.

Бір тауын бермей көне жыр,
Сылтауын берді сол өмір,
Желкенсіз, желсіз кеме жүр –
Ақынның көңлі бітпеді.

Иріліп алдап жіп ұшы,
Кеудеге симай тынысы,
Қолына тимей қылышы
Батырдың көңлі бітпеді.

Ол бір заман – заман-ды,
Заманға бәрі қамалды,
Қамалмаған адамды
Табанға салып бүктеді.

Қызғыш боп қорып көліңді,
Қызық боп кезіп еліңді,
Қаптатып қара селіңді
Сенің де көңлің бітпеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махамбетке

  • 0
  • 0

Дамылда, жыр, дамылда!
Сондағы мұңды аймақта,
Қараған бұлттар дауылға
Қуасың деп қай жаққа.

Толық

Сол үйде

  • 0
  • 0

Сенде менің үмітім бар бір мысқал,
Талабым бар өрден-өрге тырмысқан.
Ес білмеген, естілмеген күй де көп,
Нота-сызықтарға қонған үймелеп.

Толық

Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда

  • 0
  • 0

Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.

Толық

Қарап көріңіз