Өлең, жыр, ақындар

Ән

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1706
Әдемі үннің әр тамшысын аулап ап,
Әлдеқайдан тартады әнші саумалап.
Бір жақ ұшы сайда жатыр бұл әннің,
Бір жақ ұшы сонау асқар тауда қап;

Үзілмейді, ән шұбалып тұр қалғып,
Әр көңілде аунап түскен сырды аңдып.
Әр көңілдің өз алаңы өзінде,
Әнге балқып босаңсыған кезінде.

Әр кеуденің өзіне аян өз жаны,
Жарысты ойлар бір-бірінен озғалы.
Алқалы ана бір күрсінді… Мынау ән
Қайдағыны қайдан ғана қозғады?!

Ән желеңін жел иығы бос ілді,
Сөйтіп бұл ән желге мініп жосылды.
Ән біреуді жеңілдетіп жіберді,
Ән біреуге салмақ болып қосылды.

Ер тыңдаса – екілене тасыған,
Ез тыңдаса – ежегейдей жасыған.
Атыраудан көтеріліп асыл ән,
Бір қайрылды Алатаудың басынан...

Бұл жүрекке жолай алмас тосаң-мұң
Ән жанымен тосамын мен дос алдын.
Сөзбен айтып жеткізе алман, мен Сізге
Өзін салып берсем қайтед осы әннің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамыр

  • 0
  • 0

Жаңбыр жаусын!
Жаумай қойсын!
Былай да
Қатысым жоқ қара бұлтқа, құдайға.

Толық

Ойындар

  • 0
  • 0

О, балалық, сен не деген бақытты ең!
Қармайсың бармақтардың астына,
Бір жымисаң жібітесің тасты да,
О, балалық, сен не деген бақытты ең!

Толық

Сары алқап

  • 0
  • 0

Сыңғырайды самалға алтын дәнді сары алқап,
Сары мұртты егінші сары алтындай сараң, сақ:
Сары тісіне салып тал түстегі дәнді ыстық,
Сары мұрттың астынан жымияды сарғыш қып.

Толық

Қарап көріңіз