Өлең, жыр, ақындар

Сен жоқсың

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1853
Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен
Бәлкім, шын көксің сен.
Жолатпас шоқсың сен,
Бүгін де, кеше де,
Жанымда жоқсың сен.
Жоқсың сен
Қазіргі астана
Біз сүйген бас қала,
Пәтерлер баспана,
Жоқ-жоқтар құтырды
Ерте жер жастана
Бір бақыт жасқана
Жұтынды.
Жоқсың сен
Гүл құшқан бақтарда,
Тойы аз жақтарда
Барларда, жоқтарда,
Жылу тұл шақтарда
Жоғалдың?!
Ашусыз ақ қарға,
Әділін ақтар да
Оралғың...
Жоқсың сен
Әуенсіз айнала.
Ажарсыз жайлана,
Сұрық жоқ қайда да,
Көк күліп паңдана
Қайдасың?
Мүлгиді маң дала
Сыймайды сандала
Қайбасы?
Жоқсың сен
Қыс қаһар төккенде
Күз бен жаз, көктемде,
Мені жыр өпкенде
Айналып еткенде,
Үмітім
Кейімей сөккенге
Еш жерде жоқ пенде
Оралғың бүгін түн...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлдекімді күте берем қашықтан

  • 0
  • 0

Әлдекімді күте берем қашықтан,
Жүректе жыр, тұла бойда қатып қан.
Құндылығы құрып кеткен өмірім,
Көңілімнің көрі азап, төрі мұң.

Толық

Алатауға сыр

  • 0
  • 0

Алатау қарайды бақсыдай,
Иығын, кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген істерім далбаса.

Толық

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай

  • 0
  • 0

Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай,
Ерінім жанып, елестеп жүзің қардай.
Бал түндердің базары тарқағасын,
Жаз жабырқау болғанда күзім сондай.

Толық

Қарап көріңіз