Өлең, жыр, ақындар

Мама

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1898
Бағзы үмітпен өзімді құр алдаймын,
Көңілімді басқаға бұра алмаймын.
Өкпелеме, ұрыспа, сөкпе, мама,
Бірақ онсыз мен мүлде тұра алмаймын.
Армандарсыз бұл өмір бос екен ғой,
Сенім деген адамның досы екен ғой.
Жылынатын, телміріп сағынатын
Сүю деген, жан ана, осы екен ғой.
Тәнім теріс тағдырға жекірді де,
Мәңгі сезім бойыма бекінді ме?
Құшағыма кей кезде ұмтылады
Ол да мені қалайтын секілді ме?
Үндемейді, кейде ұзақ аймалайды.
Түнереді кейде ашу байламайды.
Шақырса да, сонан соң аһ ұрса да,
Онсыз менің өмірім жайнамайды.
Шабытының ол берер алмасы — көк,
Жібереді кейде еркін самғашы деп.
Мен өлеңді өлгенше сүйем, мама,
Өмірімде соңғы да алғашқы рет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хош!

  • 0
  • 0

Хош!
Сезім жоқ менде
Дос төзімге кенде.
Сүйіп те, күйіп те болдым.

Толық

Жанарға

  • 0
  • 0

Сұрап жүрмін өзіңді көктегі Айдан,
Елес болып ұшындың. Қайтсем екен?!
Мейірімді, ал бірде өктемі айдын
Көлеңкелі көк терек әйтсе мекен.

Толық

Серік Томановқа

  • 0
  • 0

Мұқаңдар жоқ Абайлардың соңында
Кеткен мәңгі қаламымен қолында.
Тағдыр бақтың бұйыртпады бірін де
Сені де, Аға, көре алмадым тіріңде.

Толық

Қарап көріңіз