Өлең, жыр, ақындар

Бурабай жырлары

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 975
1973 ж.
Келінге:
Соңғы күні келін кетті көрінбей,
Жүруші еді сан адамға берілмей.
Аш қасқырдай анталаған құрғырлар,
Жабысты ма әлде бірі желімдей.
Жеңгейге:
Бір жеңгей жүр бір күн бар да, бір күн жоқ,
Ауыл жақын, ағай жақын, көңілі тоқ.
Бір столда отыратын қос жігіт
Тағы аң-таң, кетті ме деп қолды боп.
Апайға:
Бір апай бар сылбыр басқан сырқаттау,
Он күнде әрең інісіне тіл қатты-ау.
Не биде жоқ, не түзде білмеймін,
Қайда жүреді, ол жағы әлі жұмбақтау!
Мәкеңе:
Бір жеңгем бар мұнтаздай боп тап-таза,
Қарапайым, биязы өзі шақ қана.
Көп жігітті-ақ қызықтырар жайы бар,
Неужели бір жігітті таппады, ә!
Бикеңе:
Әбекемнің қасындағы жеңгейім,
Ерге лайық берген екен деңгейін.
Азаматты аты әйгілі әлпештеп,
Жүрген сізді, сірә кімнен кем дейін.
Тағалам да таңдап сізге ен сапты,
Азаматты елге керек бақсын деп.
Жан емеспін мен дәріптер мансапты,
Әбекеңдей халқым ұлды тапсын көп.
Бір көргеннен тұлғасы да ұнады,
Бір көргеннен көңілінде тұрады.
Тек осындай жандар ғана елімнің,
Шын бақыты, мақтанышы, шырағы.
Ірілікті, өр кеудені көрмедім,
Биязылық, сыпайылық көргенім.
Таныс болып, қасыңызда болғанға,
Бөлекше бір өзім де өсіп өрледім.
Сәкеңе:
Жұп-жұмсақ боп тұрғаны күліп қана,
Шығарсыз, сірә тегі сүйікті ана.
Сыпайы бар тұлғасы мәнері де,
Әңгімені тыңдайтын ұйып қана.
Дәл осындай апамның сүйген жары,
Тәңірім, боп жүрмесін, сұйық қана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орақ Смағұловқа

  • 0
  • 0

Е, Ореке, Ореке!
Алпыс деген асу бар,
Жетуге әркім ұмтылар,
Жақсылар оған келгенде,

Толық

Жұмакүлге

  • 0
  • 0

Жұмакүл көкем горчица салдың төсіме,
Қыздырар қазір деп жаттым мен де көсіле.
Қыздыра қоймай сені де, мені ұялтты-ау,
Аптеканың ала алмай жүрген өші ме.

Толық

Тост

  • 0
  • 0

Әр үйдің жарқыраған шамы,
Сағына күтер жары.
Ақ тұтқан ары.
Мол-қазына бары,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар