Өлең, жыр, ақындар

Жүрекке наз

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1043
(«Теміртас» әнінің әуенімен айтылады)

Жүректің қысылғаны қандай қиын,
Мұндайға жолығып па ем бұдан бұрын.
Петрович, бәрі жақсы дей бересің,
Дәрінің кейбірінің білмей сырын.
О...О...ОЙ.
Жатырмын он екі күн төсек тартып,
Дәрі іштім жүк болардай есекке артып.
Жүруші ем, думандатып, дүрілдетіп,
Сол күндер шыныменен болды ма артық.
О...О...ОЙ.
Әкелші, домбырамды бір қағайын,
Көңілдің көк қыранын бір табайын.
Шарласын шар тарабын кең дүниенің,
Жабыққан жанға шипа ән салайын.
О...О...ОЙ.
Кәкімжан, сонда бапқа келер болар,
Өмірдің дүбіріне ерер болар.
Екшелген, жылдар түйген асыл сырды,
Ұрпаққа ұнамды етіп берер болар.
О...О...ОЙ.
Жүрегім шыдап көрші біраз жылға,
Сезімнің кең сандығы толы сырға.
Ақтарып ақ толқынды ағытайын,
Әдебиетте болмасам да ірі тұлға!
О...О...ОЙ.
Томпаң қағып қарындас жүр жүгіріп,
Ізетпенен үлкендерге иіліп.
Кейбір кезде қабағында сызат бар,
Әлде нені еске ала ма күйініп?!
Балалық пен балғын шақта қызбалау,
Қалдың ба, әлде қапылыста ұрынып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ә-ге

  • 0
  • 0

Бермесең, бермей-ақ қой жұмысыңды,
Ешкім де жөн дей қоймас бұл ісінді,
Қарулы қаламгерлерді айдап шығып,
Кеңіткен болғансың ба тынысыңды.

Толық

Қабекеңнің 60 жылдығына

  • 0
  • 0

Мен сөйлейін, сөйлейін,
Сөйлеп бір бүгін өрлейін,
Қабекеңнің тойында.
Тасқындаған жырымды,

Толық

Шерияздан Елеукеновке

  • 0
  • 0

Күндіз-түні бұрқырап,
Шығып жатқан көп кітап.
Кейбіреуі олардың,
Бұл әлемде жоқ кітап.

Толық

Қарап көріңіз