Өлең, жыр, ақындар

Салтушаға

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 691
(«Қорлан» әнінің сарынымен айтылады)

Осы бір көке бала балдан тәтті,
Атаға ермек етіп бере сапты.
Жалпылдап ұмтыласың тұрамын деп,
Күшіңе сыймайтындай жаман қатты.
Қайырмасы:
Аха-хау, көкем,
Кішкентай бөпем,
Шынымен осы шіркін,
Тәтті ме екен!
Жылауды бала болып білмейсің сен,
Япыр-ау тіпті артық күлмейсің сен.
Аташың сексен жасқа келгеніңде,
Еліңе қадірлі боп жүргейсің сен.
Қайырмасы:
Исің бар шаршағанды басатұғын,
Көзің де келер бәрін шашатұғын,
Атаңның ақ тілеуі — адам болсаң,
Ақылдың ақ қақпасын ашатұғын.
Қайырмасы:
Бәрін де ұмыттырған алтын балам,
Түріңнен айналайын жалпылдаған.
Бір сәтке көңіл бәс боп жабыққанда,
Биік боп қуантып жүр Батыр ағаң!

Алматы қаласы, 18 июль, 1986 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ә-ге

  • 0
  • 0

Бермесең, бермей-ақ қой жұмысыңды,
Ешкім де жөн дей қоймас бұл ісінді,
Қарулы қаламгерлерді айдап шығып,
Кеңіткен болғансың ба тынысыңды.

Толық

Кемпір бөліс

  • 0
  • 0

Марқасқа өңшең маңғаз бір топ жігіт,
Отырды бір күн бойы мәжіліс құрып.
Сондағы ақылдасқан шаруалары,
Курортта кімге ие боп, салмақ құрық.

Толық

Салтанатқа

  • 0
  • 0

Осы бір бере салған бала ма екен.
Жаралған тумысынан дана ма екен.
Аяғы ауырады деп паныкерлер,
Мазаны көптен бері алады екен.

Толық

Қарап көріңіз