Өлең, жыр, ақындар

Солдат пен бала

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1347
Әжесі өлді, анасы өлді ашыққан
Кеудеде кек бар, тулайды бойда қасық қан.
Тілімдей қағаз, алақанында – тым ыстық
Бес жасар бала кезегіне нанның асыққан.
Гүрілдеп аспан,ажалдың оғы ойнаған
Оқ бүркіп жерге, өлімге әсте тоймаған.
Шошынып балғын,құлады оқыс талықсып.
Бұл соғыс жерден қаншама жанды жоймаған.
Есін де жиып, көтерген сәтте ол басын
Қасына ұстап азық – түлік дорбасын.
Шинеліне орап, маңдайдан сүйіп отырған,
Ол көрді анық, ержүрек Қазақ солдатын.
Шуағы қандай мейірімді еді көзінің
Тұрғызып оны, ұсынды нанның үзімін.
Қиналған сәтте, өмірін жіптей жалғаған,
Мен білсем аты, Жеңіс қой деймін өзінің.
Жеңіс ғой деймін, сеніммен алға қол жайған
Сүйеуге ұлын, асығыс жеткен майданнан
Өтсе де жылдар,сол солдат берген бір үзім
Ақ нанның дәмі кетер ме сірә, таңдайдан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бергеніңнен айырмай

  • 0
  • 0

Бақытымнан айырылып,
Құса болып қайғырып.
Жүргенімде, о тоба,
Күнім туды қайырылып.

Толық

Партизан Қасым Қайсенов

  • 0
  • 0

Днепр жағасында қалың орман,
Ұл – қызын қорғап дүлей қанды қолдан.
Ып – ыстық мекеніндей пана болып
Соқтырған зергер қысқа қарлы қорған.

Толық

Жареке хазірет үні

  • 0
  • 0

Туған жерге арнап дәйім дастанын,
От кеудесі алаулаған жас жалын.
Мешітімнің құлап қалған орнында,
Мұңға батып қандай ойдан жасқандың?

Толық

Қарап көріңіз