Өлең, жыр, ақындар

Арыстанбаб баба!

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2651
Бабалардың бабасы,
Даналардың данасы.
Кең ғаламды жаратқан,
Тәңір сүйген дарасы.
Пайғамбардың тұяғы,
Алтын күннің қияғы.
Сәулесімен жылытқан,
Жер-Анамдай ұямды.
Исламның жұлдызы,
Білім таудың шың құзы.
Бұлағынан нәр алған,
Бар мұсылман ұл-қызы.
Кең даламның жүрегі,
Дінімнің нұр тірегі.
Мың өліп, мың тірілген,
Халқымның сом білегі.
Сезім сырмен күймелі,
Ізіңнен жыр түйгелі.
Кең Жылойдан бір ұлың,
Келді басын игелі.
Елім- деген жалынды,
Шөліркеген жанымда,
Сусындатып алайын,
Төкші шуақ таңыңды.
Әділдік жол аңсаған,
Құлының ем шаршаған,
Шомылдыршы жан баба,
Ақ нұрыңа самсаған,
Көкірегіме толсын ән!
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ
Арыстанбабтай бабамның,
Шашырап түскен нұрысың.
Ақ жолымен Алланың,
Ақиқат құйған ырысым.
Өзіңе зират етейін,
Бергейсің маған қол ұшын!
Жырымды отты арнайын,
Хикметіңнен нәр алған.
Топырағыңа кие аунайын,
Ғасырларға жыр болған,
Ой тастап байтақ әлемге,
Тұраннан бейбіт қол созған.
Исі бір түркі халқымның,
Тамырын сүйіп тереңнен.
Бойына құйып жарқын үн,
Бақытын өткен тілеумен,
О, Жан-баба, киелім,
Ізіңнен сәуле көрем мен.
Күмбезің көкшіл күмбірлеп,
Аспанмен ашық астасып.
Періштелер тегіс күнге өрлеп,
Шашқандай шашу қақпа ашып,
Қуана қарап тұрғаным,
Кетуге қимай қоштасып!
Ғасырлар салған мінбеден,
Аллаға жалғыз сиынып.
Адамзатқа дем берген,
Даланың жырын сый қылып.
О, Иассауи, әулием,
Күн де тұр саған иіліп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әруақты ата – Ер Қосай

  • 0
  • 0

Әруақ қонған жасынан,
Жақсылығын асырған..
Күш қуаты бойында,
Тасқын судай тасыған.

Толық

Еркебай ата үні

  • 0
  • 0

Тыңда балам өтті қанша сарша күз,
Мен жатырмын елеусіздеу қоршаусыз.
Итте өтеді, малда өтеді үстімнен,
Білесің ғой өлген жандар қауқарсыз.

Толық

Мұса Жәлелдің соңғы сөзі

  • 0
  • 0

Қанқұйлы Моабит түрмесі,
Ішінде мұңмен жүдедім
Көрмеспін танды келесі,
Сезіп тұр оны жүрегім.

Толық

Қарап көріңіз