Өлең, жыр, ақындар

Қазыбек би

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5507
Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып
Лайланбасқа балдай тұнық,
Әдеп жолдан билік құрып,
Жамандықты ұмыттырып.
Мір оғындай даналықпен.
Болашаққа шырақ іліп.
Бар шындықты қазып айтып,
Қараңғыны тіліп өтіп.
Айналдың да тірегіне,
Жарай біліп керегіне,
Жарық болар сөнбес нұрын,
Жақтың халық жүрегіне,
Болашақтың болжап бәрін,
Бақыт нұсқап ұлы еліңе.
Бастап жарқын ғасырларға,
Келешектің көктеміне.
Өзің едің шын данышпан,
Қырандардай шыңға ұшқан.
Әділетсіздікпен арпалысқан,
Елге дәулет тілеуменен,
Ізгіліктің жолын тосқан.
Әлі бізге тіл қатасың,
Әрбір ендік барлық тұстан.
Жұпарыңа қандырумен,
Ұрпағыңа құшақ ашқан.
Әрбір сөзің ғасыр үні,
Әрбір ізің ерлік дастан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шерліқұл әулие үні

  • 0
  • 0

Кел, кел балам, Желтау осы жел ескен,
Көк аспанға қолын созып тілдескен.
Осы жерде мешіт салып ұрпаққа,
Білім нәрін құйдым тыным көрместен.

Толық

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Асау Тұрлан баба үні

  • 0
  • 0

Абақтыда келгенменен ажалым,
Сарыкөлде мынау менің мазарым.
Сонау Орал түрмесінен Шеркештер,
Жеткізген ғой көрсе де жол азабын.

Толық

Қарап көріңіз