Өлең, жыр, ақындар

Сүйінқара

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 975
Сүйінқара! Сүйінқара!
Маған ыстық осы есім,
Ағылтқандай ерлік жырдың,
Емін еркін термесін.
Тебіреніп іздеріне көз тігем,
Ғасырлардың аттап өтіп белесін.
Көз алдыма елестейді аруақ,
Азаттықтың алға тартқан кемесін!
Жан-жағынан жау қамалап елімді,
Жалынға орап от басқанда жерімді.
Жолбарыстай ол алысқан дұшпанмен,
Таптатпасқа кие толы төрімді.
Тажалдардың тырнағына түсірмей,
Көрсете алып Көк Бөрілік тегімді!
Зеңбіректердің оғын қағып қанжармен,
Ол бетпе-бет келіп талай ажалмен.
Тауларға ұқсап тұра білген қасқайып,
Озбырларға таланбасқа туған ел.
Нағыз батыр шайқасып өлер жорықта,
Сөз қалдырған осылай-деп, қайран ер!
Тарқамасқа төрімізден ырыс-бақ,
Ол көрмеген аттан түсіп тыныстап.
Көз жұмғанша қорған болған халқына,
Бар тойына шашу шашып уыстап.
Бұл күндері Саятөстен тік тұрып,
Үн қатқандай ұран салып дауыстап!
Ашу қысып ешкімге де сөз бермей,
Бір сұмдықты алдын ала сезгендей.
Өзендегі аналардың көз жасы,
Тыныштығын зар еңіреп езгендей.
Ой салады ұрпағына жау жүрек,
Аттан,аттан! Намыс қайда дегендей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралмаған солдаттар

  • 0
  • 0

Басыңды ій, ұлым, алда зират бар,
Бір кездегі қамал болған қыраттар.
Жатыр мұнда біздер үшін жан қиған,
Туған елге оралмаған солдаттар.

Толық

«Елім-ау» әні туралы жыр

  • 0
  • 0

Жан қосып, қимас жанынан,
Қан қосып ыстық қанынан.
Басынан өткен зар мұңын,
Ән қылып халқым қалдырған.

Толық

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Қарап көріңіз