Өлең, жыр, ақындар

Есет баба

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 903
Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,
Шат шадыман көтеріңкі көңілмен,
Ала білген өз үлесін өмірден,
Жұлдыздардай жарқыраған көгімнен,
ҰлыТәуке берген екен батасын,
Қолын жайып аталық пәк көңілмен!
«Айбатыңның алаулатар қызуын,
Ел намысы болсын дәйім тұздығың.
Майыспасын ақ найзаңның ұшы – деп,»
Сыйға тартқан зер шапанын өзінің.
Неткен ғажап сырға тұнған ұлылық,
Сұлулығын сездіре алған сезімнің!
Дем біткенше арын арлап қазақтың,
Туған елді қанша жаудан тазарттың.
Бет қаратпай ауыз салған дұшпанға,
Тұтқынына түспеу үшін азаптың.
Отан болды ойларыңның толғамы,
Кешсең дағы қияметін дозақтың.
Қайғы салған кең даламның төсіне,
Сан нәубаттер мәңгі халық есінде.
Отаршының тас бұғауын шеше алмай,
Күңіреніп сорға батқан көшімде.
Өткенімді бағаламай ұмытсам,
Не айтамын болашаққа шешіле?
Жеңіс болып игі мақсат бар үміт,
Жауыздықпен жолбарыстай алысып.
Ұрпағыңа із қалдырдың өшпестей,
Ерлігіңді ғасырлардан асырып.
Ой саласың Бестамақтың қырынан,
Көрген жанның бар өзегін жандырып.
Өзің жәйлі жыр жазардай қырларға,
Ой салады көкжиектен таң күліп.
Құлақ түрем ерлік толы әніңе,
Ұға алмасам тірлігімнің мәні не?
Сақтандырып батыс жақтан еліңді,
Жауды тіреп жатқандайсың әлі де.
Сескенбестен ешбір дауыл дүлейден,
Күмбезіңмен тәжім етіп Тәңірге!
Өршіл Рухың киесі боп даламның.
Аралайды туған елдің гүл бағын.
Айналайын әруағыңнан жан баба,
Кең өрісін сенен табам ғаламның.
Қасиетін өн бойыма жұқсын деп,
Топырағыңа аунап,аунап аламын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Елім-ау» әні туралы жыр

  • 0
  • 0

Жан қосып, қимас жанынан,
Қан қосып ыстық қанынан.
Басынан өткен зар мұңын,
Ән қылып халқым қалдырған.

Толық

Абай бабам

  • 0
  • 0

Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.

Толық

Ағатай әулие

  • 0
  • 0

Айхара ашып дүниенің есігін,
Кең төріне емін еркін көсілдің.
Көз ашқаннан майдан болып көргенің,
Әруақты ерім, ұран болды есімің.

Толық

Қарап көріңіз