Өлең, жыр, ақындар

Той күнгі тілек

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1115
Қазақы кемем, шайқала көрме, шайқалма.
Күлкі болып, тоқырау кәрі шайтанға.
Төбемізде қарғалар жүр, қарқылдап,
Ілік іздеп өсекшіге айтарға
Қазақы кемем, шайқала көрме, шайқалма
Қызыл қырғын жемдері үшін жан ұшып.
Көртышқандар діңгегіне жабысып.
Төсін тіліп сен жүзетін айдынның
Жатыр шулап, бір-бірімен алысып,
Ділмәрлары сөз сөйлейді жарысып.
Көсем сымақ аржағынан мұхиттың
Дағдарысын сезіп қиын уақыттың
Сан ұлтыңның арасына жік салып,
Сәуегейсіп жолын сілтеп табыттың,
Мәз болады, көзі сол деп бақыттың.
Қазақы кемем, адаса көрме жолыңнан.
Желтоқсанда жаратылған жалыннан,
Жеткіншегің сенің үшін жан қиып,
Желкеніңе ақ жалау боп тағылған,
Сеніп артып, үміт моншақ лағылдан.
Көтер ту қып, күндей ана тілімді,
Ардақ тұтып Тәңір берген дінімді.
Шуағына тоңған халқым жылынсын,
Есіне алып, түркі тектес үнімді,
Мұхамбеттей Алла сүйген пірімлі.
Қазақы кемем жетілерсің күні ертең,
Гүлден тәжі кигізер-ау кең өлкем.
Талай ақын арнап жазар жыр көркем.
Нағыз бақыт! Тәуелсіз тең ел болу,
Құтты болсын, халқым сүйген мерекең,
Әділдік пен бірлігіңде берекең!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын қазық жұлдызым

  • 0
  • 0

Қасиеттің жаққан сансыз шырағын,
Кеудең сенің күмбірлеген жыр ағын.
Жараланса ақын жаным, жан аға,
Ішем сенен сұлулықтың бұлағын.

Толық

Шыңғыс хан

  • 0
  • 0

О, Шыңғыс хан – ТҮРІК ұлы айбынды,
Қият нұрдан жарқыраған айдыны.
Толқынына толық түскен ай нұры,
Жан анаңның тас емшегін иітіп,

Толық

Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр

  • 0
  • 0

О, Әулием ғасырларға ту ілген,
Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген.
Қалың жауды жеңіп талай қол бастап,
Орын алған туған елдің төрінен.

Толық

Қарап көріңіз