Өлең, жыр, ақындар

Басшы ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1368
Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.
Жеткенменен жеңіске жараланып,
Ажал сұмға біз қарсы тұра алмадық.
Қан төгіліп боз төбе осы жерде,
Соңғы демді ерлікпен тәмамдадық.
Шешілмеді киінген сауытымыз,
Бұдбұл ұшып бал дәурен ақты жұлдыз.
Бәрі, бәрі сен үшін келер ұрпақ,
Ұмытпасаң біз мәңгі бақыттымыз.
Ұғар болсаң нұрымыз түсер сізге,
Сөгілмейтін іргесі бірлік ізде.
Ырыздығың ортаймай туа берсін,
Пір Бекеттей даналар елімізде.
Тұғырың ғой Кең Жылой ғой темір қазық,
Ата даңқын күтпеген кетер азып.
Өсер бала қақ жарып қараңғыны,
Өз тарихын жеткізер жырмен жазып.
Елім үшін еңіреп қол бастаған,
Қасіретті сәттерде бір саспаған.
Елеусіздеу ой салып жатыр шетте,
Білесіңбе құлыным Арыс бабаң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бөкен би

  • 0
  • 0

Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан.
Сырымдай асыл сұңқарды,
Ақ бата беріп самғатқан.

Толық

Мен қазақтың ұлымын

  • 0
  • 0

Соқа тартып Сақтардан
Ғұндар, Қаңлы, Үйсінім,
Оғызына ақтарған,
Мәңгі өлмес күй сырын.

Толық

Ақмешіт

  • 0
  • 0

Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.

Толық

Қарап көріңіз