Өлең, жыр, ақындар

Әжелер үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 1
  • 1506
Біз майданға найза алып аттанбадық,
Ар киесін қадірлеп ақтан тағып.
Тоздырмастан бабаңнан шаңырағын,
Адалдықтың антынан аттамадық.
Жеткізсек-деп, мол мұраң қазынаңды,
Жүректерде сақтадық аңыз әнді.
Құйдық оны бойыңа бесік жырмен,
Болсыншы-деп, ұрпағың жазың нәрлі.
Ақ жолына бақыттың нұрын шашқан,
Сақта балам баба үнін ұмытпастан.
Түгендеп ал тарихың шежіреңді,
Ұлы көшке шығарда осы бастан.



Пікірлер (1)

Мерей

Жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жұмабек Тәшенов

  • 0
  • 0

Менің елім шын құдірет емеспе,
Қанша қырғын кешті бастан егесте.
Азап көрді, қуғын көрді сұрапыл,
Бәрі, бәрі сақталар-ау мәңгі есте.

Толық

Мен

  • 0
  • 0

Кең Жылыойдай тұғырым – бағым барда,
Жүрек отым – ана тіл,үнім барда,
Бабалардың киелі өсиетін,
Жеткізбеуге ұрпаққа қақым бар ма?

Толық

Табын Досжан қазірет

  • 0
  • 0

Ой салған Шұбарда дос қарсы аларда,
Келемін әр жыл сайын осы араға.
Асығам атам салған мешітіне,
Жетектеп немеремді бастап алға.

Толық

Қарап көріңіз