Өлең, жыр, ақындар

Алаштың жарық жұлдызы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2824
(Мағжан Жұмабаев рухына)

Жырыңда мұң, егіз біткен еліммен,
Бірге өксіп, бірге жылап егілген.
Ғасырларда бір туатын ұлы ақын,
Омырауынан отты жырлар төгілген.
Заманында уақытпенен бір түлеп,
Халық үні дауысында күмбірлеп.
Келер күнге аласұрып жар салған,
Жүректерге күй толтырып, күнге өрлеп.
Өлең сөзді теріп асыл маржандай,
Сен сайрасаң асыл сөзбен бұлбұлдай.
Қайрат бітіп өн бойына қалың ел,
Қуаныпты алдынан күн туардай.
Көңіл атын шуағымен маздатып,
Жырларыңды дұға қылып жатқа айтып.
Сіңіріпті ұрпағының қанына,
Есімдерін Мағжан қойып гүл атып.
Күншілдердің кімге тимес кесірі,
Жырлайды деп, Қорқыт баба ескіні.
Жала жауып, көз ашпапсың айдаудан,
Сұм ажалға тіке тіреп төсіңді,
Қызыл дауыл өшірмек боп үніңді,
Абақтыға жауып қанша бүлінді.
Мойымадың қайсарлықпен сен бірақ,
Нар халқыңа жырдан сыйлап гүліңді!
«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім патша, өзім қазы, өзім би,
Қандай ессіз не қылдың деп, тергейді.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған ыстық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.»
Осы болды берген жауға жауабың,
Ақты қара –деп, соқса да заманың.
Болашаққа, парасатқа сендің сен,
Шыңнан биік асып ұшқан қыраным!
Өшпес мұра сыйға тартып жеңісті,
Ұрпағына із қалдырған жемісті.
Мағжан ақын жырларынан дән алып,
Қызғалдаққа бөленгендей жер үсті!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәңірберген (Мақсым) ата үні

  • 0
  • 0

Қияметтей қырсық шалып елімді,
Түнек басып менің туған жерімді.
Жазықсыздан жапа шегіп түрмеде.
Ай мен күнім тумайтындай көрінді.

Толық

Төлеген Айбергенов

  • 0
  • 0

Жырларында нажағайдың жарқылы,
Жүрегінде Отанының отты үні.
Сезімінде кең даламның ақ гүлі.
Рухында өр Алтайдың шыңдары,

Толық

Адайлар

  • 0
  • 0

Намыс туын ешкімге де бермеген,
Аруақтары бұлттай күнге өрлеген.
Иә Бекет – деп қалың жауға ат қойып,
Жарқылдатып қылыштарын сермеген.

Толық

Қарап көріңіз