Өлең, жыр, ақындар

1937 жыл

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 876
Қанды шеңгел тырнағы,
Қалың елге қол салып.
Бар байлығын тонады,
Өн бойынан қан сасып.
Халық жауы атанды,
Елім-деген ерлерім.
Түнек басты ақ таңды,
Қуғын-сүргін көргенім.
Бар қаймағын сыпырып,
Жалаңаштап қазақты.
Аштық жылан ысқырып,
Салды нәубат азапты.
Жұтты миллион ұл-қызын,
Айдаһарың аямай.
Жала жапқыш сұм-құзғын,
Қосылды оған тажалдай.
Толып кетті тыңшылар,
Нарын аулап із кесер.
Бұл қорлыққа кім шыдар,
Өз күшігің үрсе егер.
Далам толды түрмеге,
Қарлаг, Гулаг атанып.
Өлім төнген үңгірде,
Шындық жатты тапталып.
Әділдігім жасырын,
Түкпірінде көмілді.
Бәрі, бәрі астыртын
Қиып жатты өмірді.
Үкіміңе қол қойған,
Бүлк етпеді көсем де.
37-қан жауған,
Айналды мұң, кеселге.
От құшағы қаңырап,
Қаусатқан соң зобалаң.
Құлап сансыз шаңырақ
Жетім қалды боз далам.
Қан жосыған ізінен,
Шошып өксіп шыңғырып.
Үміттер-ай үзілген,
Сағымдарын сындырып.
Сақ-сақ күліп жүрді өлім
Қара табыт көтеріп.
Таратуға у гүлін,
Күрк-күрк жөтеліп.
Қайғы жұтты өскен ел
Қыранынан айырылып.
Торда жатты Сәкендер,
Қанаттары қайырылып.
Жалындаған ұраным,
Бар Алашқа жаралған.
Оққа ұшты Тұрарым,
Жазықсыздан жаладан.
Жапа шеккен асылдар
Мұнда қанша мұң кешкен.
Өтсе дағы ғасырлар,
Кетпес олар бір естен.
Миллиондардың қазалы,
Миллиондардың азалы
Қаныменен Азаттық
Егіліп жыр жазады.
Қаламыздан, таулардан
Ауылдардан баулардан
Өксігімен ол үнсіз,
Назарыңды аударған.
37—қан құйлы,
Қаралаған бабы бар.
Шермен қозғап мұң күйді,
Күңіреніп ағылар.
Мұнда зары халықтың,
Келер ұрпақ ұғып ал!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Арыстанбаб баба!

  • 0
  • 0

Бабалардың бабасы,
Даналардың данасы.
Кең ғаламды жаратқан,
Тәңір сүйген дарасы.

Толық

Құлшан әулие ата үні

  • 0
  • 0

Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның,
Кәусар бұлақ іздерінде бабаңның.
Ішкен сайын мейір қанып толғанар,
Тарихыңды ізде содан ұланым!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар