Өлең, жыр, ақындар

Данышпан Мұқтар әулием

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5995
(Мұқтар Әуезовтың рухына)

Телегей ойдың теңізін,
Тереңнен бойлап інжуін.
Тергенде кесте тоқыған,
Тамсандырып жер жүзін.
Шоқанды дана пір тұтып,
Сүрлеуін мәңгі жаңғыртып.
Көгімде жанған жұлдызым,
Дүниені түгел жарық қып.
Толқындай тербеп жас жанын,
Ынтымақ,бірлік,туыстық.
Достарға жайған құшағын.
Алатауымдай нұр құшып.
Абайдан алып өшпес от,
Даламды дархан жырлаған,
Халқыма алтын көпір боп,
Әлеммен түгел жалғаған!
Бабамның алтын сынығы,
Алаштан туған асылым,
Елімнің даңқын асырған,
Үні боп өшпес ғасырдың.
Европа қағып таңдайын,
Таңданып берен алыпқа.
Жеткізген ұлы Абайын,
Теңеген күндей жарыққа.
Алғысын айтып сүйсініп,
Туғызған оны халыққа!
Әлемге ортақ ай, күндей,
Шуағын шашып бас иген.
Халқыммен мәңгі жүргендей,
Данышпан Мұқтар әулием!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Раш әже үні

  • 0
  • 0

Кел, кел бермен гүлдеген жалғыз дәнім,
Мен бесіктен үйреткем Абыз әнін.
Бабалардың ақ жолын кие тұтып,
Биіктерге самғар - деп, нағыз дарын.

Толық

Менің қазақ елім

  • 0
  • 0

Ұлан ғайыр даласы бар кең байтақ,
Алтын толы шың құздары түсі аппақ,
Қаратау мен Алатауын құшақтап.
Қолтыққа алып күміс өзен көлдерін,

Толық

«Елім-ау» әні туралы жыр

  • 0
  • 0

Жан қосып, қимас жанынан,
Қан қосып ыстық қанынан.
Басынан өткен зар мұңын,
Ән қылып халқым қалдырған.

Толық

Қарап көріңіз