Өлең, жыр, ақындар

Өзбекәлі Жәнібеков

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2958
Ел сүйген асқақ сезім армандардай,
Жүрмедің қара бастың қамын ойлай.
Бабалар басып өткен іздерінен,
Қастерлеп саз балшықтан соқтың сырнай.
Бас болып әрдайымда ардақты іске,
Ата-салт қағидасын салып еске.
Жинадың мол мұрасын ата-жұрттың,
Күйі боп күмбірлеген ұлы көште!
Қорған боп бар күшіңмен Отаныңа,
Бәрінде жеткізсем-деп,ұрпағыңа.
Әйтеуір ұлтың үшін көз ілмедің,
Сескенбей жүзе біліп қарсы ағынға.
Бас имей зомбылықтың өткелінде,
Шарпылмай қызыл дауыл өрттеріне.
Ой салдың тектілікпен жалын құйып,
Дауылда қорқақ құстай үрпигенге!
Бар Алаш қадір тұтып бас иетін,
Ерекше болды өзіңдік қасиетің.
Жол тартып түп тамырдан келер күнге,
Жатқа айттың әулиелердің өсиетін!
Әрдайым таза болсаң ар алдында,
Тылсым күш қуат бермей тұра алдыма.
Халқыңды өзің сүйген сағындырып,
Айналдың Арыстан Баб шырағына!
Бауырым бара қалсаң дұғаңды оқы,
Алаштың асыл ұлы жатыр мұнда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есболай батыр баба үні

  • 0
  • 0

От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.

Толық

Достан ата үні

  • 0
  • 0

Бабаларым ақын ұл деп,қол берген,
Кел, кел, балам, талай қиын жол көрген.
Ақ батасын бермесе егер ұлылар,
Жолың қалай болатынын кім білген?

Толық

Нарынбай батыр үні

  • 0
  • 0

Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.

Толық

Қарап көріңіз