Өлең, жыр, ақындар

Өмірзақ Қалбайұлы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1503
От кеудеңді тербеп нәзік сырлы ағын,
Теңіздердей буырқанып тынбадың.
Прометейдей шырақ тасып еліңе,
Азияда шалықтады жыр әнің!
Таңдандырған бүкіл байтақ ғаламды,
Сізді көрсем, көргендеймін даламды,
Шетсіз-шексіз талантыңа бас иіп,
Марғұландар беріп кеткен бағаңды!
Шежіремен жұрт алдында еңбекпен,
Өзіңсің ғой ақ жауындай жыр төккен.
Біздер үшін бастау бұлақ көзісің,
Жүрек қылын тебірентіп тербеткен.
Жаңғырттырған Маңғыстауда тау ішін,
Сенде оты ар ожданмен намыстың,
Жырларыңнан естіп күнде толғанам
Бабалардың ерлік толы дауысын.!
Иә, Бекет-деп, тұрады олар тіл қатып,
Түсінгенге даналықпен сол бақыт,
Қалың Адай, Алты алаштың қорғаны,
Тәңір өзі батыр қылған жаратып.
Ерлік даңқ асқан емес олардан,
Іздерінде інжу маржан ой қалған,
Ұлылығың келер толқын ұрпақты,
Сусындаттың сол бір мөлдір қайнардан !
Кім ұмытар бұл өрлікті абызым
Адайларға дара біткен жұлдызым,
Жарығымен нұрландырып ұл қызды,
Талпындырған биігіне шың құздың.
Сезем бәрін бастан кештің талай сын,
Өткен жолға ойға батып қарайсың.
Маңғыстаудың баға жетпес абызы,
Мәңгі өшпейтін ізгі ісіңмен, жарайсың!
Менде жалын жырыңды оқып өскенмін,
Құтты болсын асқар шыңды сексенің.
Бабалардың тәбәрегі киелім,
Кел құшақтап еміреніп иіскейін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шерліқұл әулие үні

  • 0
  • 0

Кел, кел балам, Желтау осы жел ескен,
Көк аспанға қолын созып тілдескен.
Осы жерде мешіт салып ұрпаққа,
Білім нәрін құйдым тыным көрместен.

Толық

Өтен батыр үні

  • 0
  • 0

Еске алып ерлік даңқын мәңгі тозбас,
Бабасын қадірлеген ұрпақ азбас.
Кел балам ерлігімнен сыр шертейін,
Жаныңа қуат беріп болсын жолдас.

Толық

Құлсары ата үні

  • 0
  • 0

Отаныңның биіктетер аспанын,
Шәкірттердің нұрға бөлеп жас жанын.
Жетелеген білім таудың шыңына,
Ел, ел емес сыйламаған ұстазын.

Толық

Қарап көріңіз