Өлең, жыр, ақындар

Болатхан Тайжан

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 964
Дақ түсірмей киелі ата - салтына,
Дем біткенше қызмет қылып халқыңа,
Ерліктердің жасап бердің ғажабын,
Қайталанбас болмысы кең нар тұлға!
Іштен қайнап елім – деген арман ән,
Ұшқып атып намыс атты жалыннан,
Адал жасап қиындықтардан сескенбей,
Тайсалмадың биік мақсат жолыңнан!
Тура қарап ақиқаттың бетіне,
Ем іздедің қоғамыңның дертіне,
Жан кешті боп жолын аршып шындықтың,
Берік болып елге берген сертіңе.
Арды қолдап отқа түстің ел үшін,
Армандаумен кеңге тартқан өрісін,
Отты санаң Отаным – деп алаулап,
Қайсарлықтың көрсете алып үлгісін!
Ұры – қара алаяқтар жақтырмай,
Шаң боратып,тас атсада шапқылай,
Сен қайтпадың ерлік – өжет мінезден,
Кісілікке бірде-бір кір жұқтырмай.
Бойыңдағы сарбаз көрік талғаммен,
Сен алыстың дүние қуған жандармен,
Ойлар салдың санасына ұрпақтың,
Бар ғұмырды ізгілікке арнаумен!
Ойлауменен нар халқыңның мүдесін,
Жол іздедің ақиқаттан ел үшін,
Даңқ қуып менменсінген тірлікке,
Жәдігөйлердің тілгілеумен кеудесін!
Сан қақталған талай дауыл төсінде,
Сене біліп қара халық күшіне,
Парызыңды өтей біліп ерлікпен,
Азамат боп қалдың елдің есінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырық қыз туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.

Толық

Хатынь қасіреті

  • 0
  • 0

Түрлері жендеттердің қандай сұсты,
Селоға бей – жай жатқан қаптай түсті
Тірілей тұрғындарын өртеу үшін,
Сарайға итермелеп арпалысты.

Толық

Шахан Мусин

  • 0
  • 0

Жауап берші ұлы көсем данышпан,
Елім менің өлді неге аштықтан.
Ашынғаннан тіке қойған сұрақты,
Қайран Шақаң дара туған арыстан.

Толық

Қарап көріңіз