Өлең, жыр, ақындар

Құмған алған...

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 4
  • 40960
Құмған алған,
Суға барған,
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен
Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен
Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,
Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен
Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.



Пікірлер (4)

Серикбай Динара

өте тамаша

Акнур

Оте керемет!!!

Алтынай

Рахмеет. Мукагали макатаев олендери оте асерлии. Маган катты унайдд. Иии ешкашан умытпастай есте калады. Мен 3 жыл болд. Есимде екен барлик олении. Кууштиииии. *простосуперрр*

Дәмір

Мұқағали Мақатаевтың Құмған алған... өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Ильич

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса, паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Өмірімді несіне жек көремін

  • 1
  • 8

Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.

Толық

Тауда өстім

  • 1
  • 5

Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.

Толық

Қарап көріңіз