Өлең, жыр, ақындар

Арыстан мен бұқа

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2715
Өрістегі бұқаны
Көзі шалып алыстан,
Тасалап шөп, бұтаны
Атылды оған арыстан.

Арыстанға ет керек,
Талқандайтын азуы.
Ал бұқаға шөп – қорек,
Жайылымда азығы.

Бұқа да алып,
Тектен-тек
Берілмейді ол жайдан-ды,
Арыстанмен жекпе-жек
Бастады ұзақ майданды.

Тайыншадай арыстан,
Бұқада күш орасан,
Екеуіне алысқан
Қорқынышты қарасаң!

Жеңсе арыстан бұқаны,
Малдың ірі алыбын,
Етін жұлқып жұтады,
Тойдырмақшы қарынын.

Бұқа алысты өлмеске,
Қалу үшін жаны аман.
Арыстанды ол жемес те,
Керек емес қаны оған...

Құлады олар қалжырап,
Күш-қайраты тең еді.
Өлді екеуі қансырап
Жеңілмеді,
Жеңбеді...

Өзі келіп ұрынған,
Арыстанға обал жоқ.
Жыртқыш аң ғой бұрыннан,
Жан ашымас оған көп.

Арыстанға азық боп,
Құламаған домалап
Ал бұқада жазық жоқ,
Әттең, тіпті обал-ақ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырсық Тұрар

  • 0
  • 0

Көп боп емле қатесi,
Диктантынан «бiр» алды.
Мұны бiлiп атасы,
Жазалады Тұрарды.

Толық

Қыста құстар қадірлі

  • 0
  • 0

Жер ақ қарға оранды,
Күн аязды, боранды,
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.

Толық

Ойлан, тап

  • 0
  • 0

Мұхтар,
Сəуле,
Бiр үйдiң балалары,
Егiз туған екеуiн

Толық

Қарап көріңіз