Өлең, жыр, ақындар

Жазу мен жану

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2646
Қарындашқа жолығып,
Шырақ айтты бірде кеп:
– Тұрмын көріп торығып,
Таусылыпсың мүлде, – деп.

Кереқарыс кезіңде,
Көрген едім жасыңда.
Бір тұтам боп өзің де
Қартайыпсың, расында.

Деді сонда қарындаш:
– Жаза-жаза қартайдым.
Сен де маған қарайлас
Болыпсың ғой, айтарым.

Таусылыпсың дедің ғой,
Таусылыпсың өзің де.
Сен де мендей едің ғой,
Сонау жылдар кезінде...

Шер тарқатты досына:
– Жанып бітсең сен дағы,
Өмір деген осы да,
Жазып біттім мен дағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Қортық» шыбық

  • 0
  • 0

Қар кеттi де, жаз шығып,
Ектi Төкен жас шыбық.
Жүрмеген соң суарып,
Қалды ол өспей қуарып,

Толық

Зерек бала

  • 0
  • 0

Əкесiнiң есiмiн,
Жазып берер,
«Жаз» десең.
Жазар шеше есiмiн,

Толық

Демалыс күні

  • 0
  • 0

Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар