Өлең, жыр, ақындар

Ақсұқсырдың елінде

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 617
Өттi бастан талай-талай дауылдар,
Өттi бастан талай-талай жауындар.
Даласында, даласында қалмақтың,
Аман-есен жүрсiңдер ме, бауырлар.
От демiнен мұз таулары ерiген,
Достарына орын берген төрiнен.
Сәлем сiзге, сәлем сiзге, ағайын,
Күн сәулеттi Қазақстан Елiнен.
Қарсы шаптық тұрса дағы құз алдан,
Қатар жайлап өрiсiмiз ұзарған.
Шайқасып ап, шайнасып ап соңынан,
Бiр-бiрiнен татулыққа қыз алған.
Шалқып жатқан кең даламыз, иенбiз,
Бiрiмiзге нағашымыз, жиенбiз.
Ақсұқсырлар ана болған қазаққа,
Деп келдiм мен қалмақтан бiр сүйем қыз.
Бiздер жайлы шертiлген-дi сан дастан,
Кiм қалайды өшiргендi жанбастан.
Жаңа заман туыстығы нығайып,
Ескi заман ұмытылсын шаң басқан.
Кең даламыз бәрiмiз де, иенбiз,
Мен де сенен Ақсұқсырдай сүйем қыз.
Құшағыңды аш қазағыңа, қалмағым,
Туысқанбыз, нағашымыз, жиенбiз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хат

  • 0
  • 0

Ақпаның да,
Шуақты жазыңда бар,
Хатыңда әзілің де, назың да бар.
Тұратын еркелігің бірге атылып,
Хатыңда жанарың бар нұрға тұнық.

Толық

Ата — қазақ

  • 0
  • 0

Аз көрген жоқ өмірден атам азап,
Енді, енді өмірім болар ғажап.
Жасай берсін Нұрсұлтан Назарбаев,
Ұрпақ берер есімі – Ата-Қазақ!

Толық

Немереме өсиет

  • 0
  • 0

Алдыңда жар, бар үңгір,
Жұтар, мейлің темірсің.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңмен өмір сүр.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар