Өлең, жыр, ақындар

Ақборан. Отар. Амандық

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1861
1985 жылдың ақпаны. Қарақұм. Каникул кезiнде ақ боранмен арпалысып, қоғам малын апаттан сақтап қалу жолында жан қиған Алматы зоотехникалық-малдәрiгерлiк институтының студентi Амандық Есбаев туралы сөз. Ол осы ерлiгi үшiн қаза болғаннан кейiн
“Құрмет белгiсi” орденiмен марапатталды.

Жеке мүдде, деймiз және қоғамдық,
Осы екеуi – сынға салып Адамды.
Келбетiңдi кескiндейдi сондықтан,
Коллектившiл едi бiздiң Амандық.
Бiлетiн-дi қайсарлықтың не екенiн,
Бiлетiн-дi жайсаңдықтың не екенiн.
Бiлетiн-дi аярлықтың не екенiн,
Мақсат үшiн даярлықтың не екенiн.
Алматыдан аңсап әсте келген-дi.
Қарақұмын – мекенiн.
“...Сағындым ғой жусан өскен төбеңдi,
Шалқымайсың неге ендi,
Ұлың келдi чемпион боп бокстан...”, –
Деген-дi.
...Асау ақпан ақ бораны оқыстан,
Соқты дағы,
Басып кеттi аула, қотан, көгендi...
Оралмаған отар үшiн тыпыршып,
Дей бердi Ана:
“Амандығым бөгелдi ғой, бөгелдi...”
Ал Амандық – кең даланың боздағы,
Безбендедi қоғам малын, өз жанын.
(Қойды тастап тартып кетсе ауылға,
Өлмес едi, болар едi-ау олжалы).
Жазда жайнар бүлдiргендi, аршалы,
Терең сай да қабақ түйiп қарсы алды.
Қайырам деп қайыртпаған отарды,
Шаршады әбден, шаршады ол, шаршады.
Бiрiншi күн ақ боранмен алысты,
Екiншi күн ақ боранмен алысты.
Үшiншi күн, үшiншi күн студент,
Құлап түстi талықсып...
Төртiншi күн тапты үсiген денесiн,
Iздеушiлер жалын жүрек арыстың...
Күн де күлдi қабақ түйiп бұртиған,
(Бұл өмiрдiң жалғандығын кiм тыйған).
Жұлып жатты жып-жинақы ал отар,
Жусан басын қар астынан қылтиған...

...Сол жылы қыстан шетiнемей аман шыққан әлгi отардың әр 100 саулығынан 115-тен қозы өрдi. Ал ол қозылар қазiр мыңғырған бiрнеше отар құрады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңылхан Жұмырқызына

  • 0
  • 0

Жан анам,
Аяулы анам,
Асыл анам,
Мен қалай сезімді бұл жасыра алам.

Толық

Ей, Шаханов!

  • 0
  • 0

Ей, Шаханов!
Аруақпен алыспа киесі ұрар,
Құмырысқамен белдеспес түйе сірә.
Сенбесеңіз жүгінелік Құранға,

Толық

Ақбоз ат мінген Елбасы

  • 0
  • 0

Тамшалыда… мөлдір тамшы… көп ғажап,
Тамсанбаған Тамшалыға жоқ қазақ.
Осы жерде, осы жерде халайық
Нұр-ағаға мінгізген-ді Ақбоз ат.

Толық

Қарап көріңіз